Жұмысшы жылы 2025

Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Яғни қоғамда адал еңбек, адал азамат құндылықтарын сіңіру жолындағы жүйелі істер атқарыла бастады.

Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады, деді президент 

АСТАНА,2024 жылдың 2 қыркүйек күні – Қазақстан президенті Қазақстан халқына жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасау айрықша өзекті мәселе екенін айтып, бұл экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам деп атады.

“Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз”, – деді Қ.К. Тоқаев. 

Мемлекет басышысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді.

“Бұл біз ұсынып отырған “Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс” қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі”, – деді Қ.К. Тоқаев. 

Ол кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алатынын айтты. Президенттің пікірінше, бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. 

“Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек”, – деді Қазақстан президенті.

2024 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға бағытталған.

Осы Жарлықты іске асыру аясында Үкімет келесі іс-шаралар жоспарын әзірледі:

Жұмысшы мамандықтарды насихаттау: ақпараттық науқандар жүргізу, кәсіби шеберлік конкурстарын, форумдар мен көрмелерді білім беру ұйымдарының, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өткізу.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту: оқу бағдарламаларын жаңарту, бизнес пен колледждер арасындағы өзара байланысты күшейту, дуалды оқытуды енгізу және ірі кәсіпорындар базасында индустриялық-білім беру кластерлерін құру.

Цифрлық құралдарды дамыту: қаржылық, әлеуметтік және еңбек тәуекелдерін анықтауға арналған кәсіпорындардың цифрлық картасын іске қосу, сондай-ақ кәсіби дағдыларды дамыту үшін «Enbek» платформасын пайдалану.

Бұл шаралар жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, жастарды техникалық мамандықтарға тартуға және экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.


2025 жыл Жұмысшы мамандығы жылы деп жарияланды: Ғани Бейсембаев ТиПО трансформациясы туралы

Саясат Нурбек

2025 жылы Қазақстанда Жұмысшы мамандығы жылы ретінде аталып өтіледі. ҚР білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің трансформациясы туралы айтып, осы саланың жаңашылдықтарын атап өтті.

Министрдің айтуынша, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру үшін бірқатар реформалар жүргізілмек. Бұл мектептерде профориентациялық жұмыстарды күшейту, студенттер мен жастарға жұмысшы мамандықтары туралы ақпарат беру, сондай-ақ, жастарды кәсіптік білім алуға ынталандыруға бағытталған шараларды қамтиды.

Сонымен қатар, жұмысшы мамандығын алған жастардың жұмыс нарығына оңтайлы бейімделуіне көмектесу үшін дуальды білім беру жүйесі әрі қарай дамытылады. Ол үшін бизнес құрылымдары мен кәсіпорындардың қатысуы арттырылады. Министр осы жылы Ақтау қаласында түркі тілдес елдер арасында Turkісkills чемпионатын өткізу жоспарланғанын айтты.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, колледждерге арналған қаржыландыру жүйесі жаңартылып, студенттерге бөлінетін қаражат көлемі екі есе артады. Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың бірігуімен колледждерде жаңа білім беру бағдарламалары мен оқу тәжірибелері енгізіледі.

Министрдің айтуынша, осы реформалар мен жаңашылдықтардың бәрі жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін арттыруға және жастарды өз болашағына қажетті дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Орталық студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру, WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасы болады», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.