Электроника және ақпараттық технологиялар бөлімі

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» «Электроника және ақпараттық технологиялар» бөлімінде 1304000 — «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру мамандығы бойынша, 1304033 — «техник» және 1304063 -«Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету технигі», біліктіліктері бойынша мамандар дайындайды.

 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша «Техник» біліктілігі бағытындағы адам әр түрлі салада ақпаратты қолдану мен түрлендіру, сақтау мен жинақтау, ізденуге байланысты ақпараттық технологиялар сұрақтарымен айналысады. Ақпараттық технологияларды меңгеру қазіргі уақыт нормасы.  Аталған бағыт аясында кәсіптік техниктерді, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету мен жүйелік әзірлеушілерді дайындау іске асады. Мамандық түлектерін дайындаудың сұранысы өте жоғары  — көп жылдан бері бұл сұраныс күн тәртібінен түспеді. Түлектер жетекші ИТ-компанияларда жұмыс істей алады.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» «Электроника және ақпараттық жүйелер» кафедрасында 12 оқытушы қызмет етеді. Олардың бесеуі 1 санатты, қалған төртеуі 2 санатты оқытушылар, сабақтарын оқу-әдістемелік және техникалық жағынан жоғары дәрежеде өткізеді. Өз пәндерін жетік меңгерген, жаңашыл, интеллектуалды қабылетті және парасатты педагогтер.

Электроника және ақпараттық технологиялар бөлімінде студенттер теориялық білім алумен қатар, білімдерін зертханалық және тәжірибелік іс жүзінде өткізеді.

Кафедра кабинеттері мен зертханаларында интернет желісіне жалғанған компьютерлер, интерактивті тақталар, документ камералар, плазмалық экран, графо-видеопроекторлар т.б. көрнекті құралдар оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар зертханалар мен оқу кабинеттері соңғы үлгідегі компьютермен жабдықталған.

Студенттер курстық және дипломдық жобалардың есептік-жазбаша және графикалық бөлімдерін орындауда компьютерді тиімді пайдалана біледі. Курстық және дипломдық жобаларды қорғау кезінде интерактивті тақта, графо-видеопроектор, т.б. техникалық құралдар кеңінен қолданылады.

Оқытушылар өз пәндерінен техникалық үйірмелер жүргізеді. Онда студенттер әр деңгейлі бағдарлама құруды үйренеді, әр түрлі әрекеттегі жобалар жасайды, болашақта нақтылы диплом орындауға дайындалады.

1304033 – техник және 1304063 – компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету технигі біліктіліктер мамандары компьютерлік және кеңсе жабдықтарын (планшеттер, ноутбуктар, принтерлер, сканерлер, көшірмелер, ДК және т.б.) белсенді пайдаланатын барлық ұйымдарда сұранысқа ие. Аталған маман иелері компьютерлік техниканың жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, жұмыс істеу процесіндегі қателіктерді анықтап және оларды жойып, бағдарламалық қамтамасыздандырыду орнатып, жүйелік администрациялау мен компьютерлерді жергілікті желіге қосуды жүзеге асырады. Аталған мамандық иелері қосымша «Оператор Call – центр» біліктілігін алады.