Колледж тарихы

Қазіргі таңда экономикамыздың дамуының негізгі принциптері, өндіріс орындарының заман талабына сай, жаңа технологиялармен жабдықталуы, өндірістің қарыштап дамуы және отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті дайындалып, нарықтағы сұранысқа ие болуы. Аталған жағдайларға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың сөзінде келтірілгендей өндіріс орнын дамытудың негізгі мәселесі білім стандарттары негізінде нормативттік регламент құжаттары бойынша, білікті және білімді техникалық жабдықтарды толық меңгерген мамандар дайындау.
Инновациялық даму үшін техникалық кадр, орта кәсіптік маман дайындау стратегиясы маңызды. Дегенмен елімізде өндіріс орындары орта кәсіптік білімді жұмыс күшіне зәру, техникалық кадрларға мұқтаж. Сондықтан кадрлар дайындау жүйесін реформалау арқылы еліміздің экономикалық қуатын арттыруға болады.
Осы орайда Политехникалық колледжі касіби мамандар даярлауда аянбай еңбек етіп келеді. Біліктілігі жоғары жұмысшы маман даярлау тұрақты экономикалық дамудың басты міндеттері деген тұжырымды ұстанған ұжым, аймақ көлеміндегі түрлі кәсіби байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орындар иеленіп, биік тұғырдан көрініп келеді. Бүгінде колледждің педагогикалық ұжымы 12 түрлі техникалық мамандықтар даярлау барысында, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, заманауи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын жетілдіріп келеді.
Политехникалық колледжі Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы №814 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан энергетика және бизнес колледжі мен Шымкент политехникалық колледждерін біріктіру негізінде құрылған (ОҚО әкімінің 1997 жылғы 18 маусымдағы №140 шешімі).
Колледж тарихы Кеңес үкіметінің индустриализация кезеңіндегі техникалық мамандыққа деген сұранысынан туындап 1934 жылы Оңтүстік өңірінде бірінші болып ашылған Шымкент тау – кен металлургиялық техникумынан бастау алады.
Оқу орнының негізін қалаушы Шымкент энергетикалық техникумы 1971 жылы Республика энергетика саласына мамандардың үлкен қажеттілігін ескере отырып, Қазақ КСР – ның Министрлер Кеңесінің 22 маусымдағы №343 қаулысымен құрылған. Бірінші оқу жылы техникумға 4 энергетикалық мамандықтар бойынша барлығы 450 оқушы, оның ішінде 360-ы күндізгі бөлімге, 90 оқушы кешкі бөлімге, 30 оқушы сыртқы бөлімге қабылданған болатын.
1993 жылы нарықтық экономиканың қарқынды дамуын ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім министрлігінің 5-ші мамырдағы №203 бұйрығына сәйкес Шымкент энергетикалық техникумы Шымкент энергетика және бизнес колледжі болып қайта құрылды.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК тек Оңтүстік өңірінде ғана емес Республика көлемінде энергетика, технологиялық процесстерді автоматтандыру, радиоэлектроника және байланыс, ақпараттық технологиялар және мұнай мен газды өңдеу салаларында көшбасшы техникалық және кәсіби оқу орындарының біріне айнала отырып, мамандар даярлайды.
Қазіргі уақытта колледж – Түркістан облысының ең көне және ірі оқу орындарының бірі. Колледж Түркістан өңірінің кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынас құра отырып, өз қызметін жүзеге асыруда, сондай-ақ колледж жоғары оқу орындары мен зияткерлік бағыттағы мектептермен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан.
Оқыту 9 мамандық 12 біліктілік бойынша жүргізіледі. Білім беру қызметін 170-ге жуық оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері жүзеге асырады. Олар Сингапур, Германия, Финляндия, Шотландия және Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындар мен оқу орталықтарында өз шеберліктері мен біліктіліктерін арттырады.
Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңыздылығын, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажеттігінің бағалай отырып колледж әкімшілігі, 2017 жылы қазан айында сол кездегі Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің ОҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталық» АҚ-на 75 педагог қызметкерлерің біліктілігің арттыруға колледж тарапынан жіберді. Сонымен қатар, колледждің 2 оқытушысы Ұлыбритания және Финляндия мемлекетіне баруына педагогикалық қызметкердің біліктілігіне сәйкес тілдік даярлау, кәсіптік білімділікті дамыту бағдарламасы бойынша: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқытушыларға арналған қысқа мерзімді тағылымдамадан өтүіне ықпал жасады. Нәтижесінде колледж оқытушылары мен оқушылары облыстық, республикалық ғылыми конференциялар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Тәжірибе алмасу мақсатында колледжде облыстық семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылады.
Оқу-тәрбие процессі бойынша колледж оқытушылары мен білім алушылары халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға, білім олимпиадаларына, спорттық жарыстарға, панорамалық бейне-сабақтарға , «Үздік педагог» байқауларына қатысып, жүлделі орындары иеленіп келеді.
Колледж 2018 жылы 14-16 мамыр аралығында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіздік агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің 28.04.2018 жылғы № 44-18-ОД бұйрығына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі» МКҚК-ны «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіздік агенттігі» КЕМ-нің институтционалдық стандарттарына сәйкестендіру мақсатында сыртқы сараптау комиссиясының сәйкестік бағалау процедурасын өтіп, 2018 жылы 31 мамыр күні «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі» МКҚК «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіздік агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің Халықаралық институтционалдық және кластер бойынша мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік иегері болды. Бұл куәлік 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өткенін растайды. (Куәліктің жарамдылық мерзімі 31.05.2018-30.05.2023 ж.ж.). Колледж әкімшілігі табандылығы мен іскерлігінің және ұжымда жақсы нәтижелі жұмыстарды ұйымдастыруының арқасында, аккредитациялау сараптау комиссия мүшелелері өздерінің колледжге оң деген бағасын берді.
Колледж қабырғасында сапалы маман даярлау үшін қажетті материалдық-техникалық базасын жаңартып, кабинеттер, зертханалық бөлмелерің, шеберханаларың талапқа сай жасақталынды; электр, бағдарламалау, байланыс салалары мамандықтарына арналған жаңа заманауи оқу құралдары мен құрылғылары алынды. Сонымен қатар, колледжде 2018 – 2019 оқу жылында заман талабы мен еңбек нарығындағы сұранысқа сай жаңа мамандықтар ашылды. Атап айтқанда: «Сәулет өнері», «Ақпараттық жүйелер», «Ақпаратты қорғау технигі».
Оқу орны дуальды оқыту жүйесі экспериментін оқу-тәрбие процесіне енгізілді. Колледждегі дуальдық оқыту тәжірибесі дәстүрлі сабақ беруге қарағанда өз басымдылығын көрсетіп, теориялық пен практикалық даярлықты қатар алып жүруге жағдай жасалынды.Сонымен қатар, дуальды оқу – жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға және арнайы пән оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерін тағылымдамадан өткізілуде.
Дуальды оқыту жүйесін енгізу үшін Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» АҚ, «Связьмонтажстрой» ЖШС, «Tectum Engineering», ЖШС және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып әлеуметтік серіктестік туралы үшжақты келісімге қол қойылып дуальді жүйені ендіру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты мақсаттардың бірі: «Қоғамның және экономиканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру». Осыған орай, колледж директоры басшылығымен бүгінгі күні қоғам қажеттілігіне сай мамандарды даярлау, әрі ол мамандарымыз бәсекеге қабілетті, қазіргі өндіріске бейімделе алатын тұлға болу мақсатында 5 құзыреттілік бойынша жан-жақты дайындыққа қажетті заманауи құрылғылар мен жабдықтар алынды. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру және дәріптеу мақсатында «WorldSkills Kazakhstan» облыстық және аймақтық чемпионатын өткізуде аймақ арасында Политехникалық колледжі – базалық колледж ретінде бекітілді.
Колледж ұжымында оқытушылардың және білім алушылардың жан-жақты өсуіне колледж әкімшілігі тарапынан барынша жағдай жасалынуда және сол жұмыстарының нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетүде. Атап айтсақ:
– Облыстық чемпионатта «Кәсіп иесі – 2017» атты инновациялық жобалардың арнайы көрмесіндегі үздік шығармашылық жобасы үшін Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі ОҚО Білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды;
– Облыстық аймақтық чемпионатында 2017 жылы «Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері, арнайы пән оқытушысыОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
– Облыстық аймақтық чемпионатында 2017 жылы «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері, арнайы пән оқытушысыОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
– Облыстық аймақтық чемпионатында «Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің Үздік студенті Мырзалы Еркебұлан және «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша Қалтаев Нұрсұлтан ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
– ҚР БжҒМ «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауның өңірлік кезеніңде заманауи білім беру әдістемелерін қолдану бойынша озық тәжірибелерін таратқаны үшін Шымкент қаласы, Политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары марапатталды.
– Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар премиясы – 2018» жастар байқауының «ҮЗДІК ОАОО СТУДЕНТ» номинациясын иегері ІІ курс 372 тобының студенті Казьмин Тимур болды.
– Қалалық «Worldskills Shymkent – 2019» чемпионатында Веб-дизайн құзыреттілігі бойынша үздік қатысқаны үшін Дарханов Абылайхан І дәрежелі дипломменКажиханов Бағдаулет ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
– Қалалық «Worldskills Shymkent – 2019» чемпионатында «Мобильды робототехника» құзыреттілігі бойынша үздік қатысқаны үшін Анарбаева Балнұр,Тұрсынбай Дәулет І дәрежелі дипломмен марапатталды.
– Қалалық «Worldskills Shymkent – 2019» чемпионатында «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзыреттілігі бойынша үздік қатысқаны үшін Веренич Никита III дәрежелі дипломымен;«Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер»құзыреттілігі бойыншаКондратьев Владислав I дәрежелі дипломымен, Шепелев Константин II дәрежелі дипломымен;«Электромонтаж»құзыреттілігі бойыншаСавченко Игорь II дәрежелі дипломымен; «Графикалық дизайн»құзыреттілігі бойыншаСорокин Ринат II дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
– Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы Шымкент қаласы «SMART-maman» – мамандарды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу орталығы ұйымдастырумен оқытушылардың мемлекеттік тілді оқытудағы инновациялық идеяларын қолдау, сандық технологиялар арқылы қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату мақсатында орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында өткен «Үздік оқытушы – 2019» байқауында Бас жүлде иегері қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы Сарыбаева Ақтолқын Жумахановна марапатталды.
– Шымкент қаласы білім басқармасы қалалық«Үздік педагог – 2019» сырттай байқауына қатысып кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері және білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Политехниклық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Досжанова Мөлдір Сырбаевна ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
Колледждің оқу материалдық базасы жақсы жабдықталған – үш қабатты оқу корпусы, 66 астам зертхана мен кабинеттерден тұрады. Соның ішінде: 15 компьютерлік сынып, 430 дан астам ең соңғы компьютерлер, 336 орындық мәжіліс залы, 80 орындық оқу залы, оқу – әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толық қамтамасыз етілген кітапхана, спорт залы, 150 орындық асхана, медициналық трек, слесарлық-механикалы, электр монтаждау және электр өлшеулер шеберханалары бар. Соңғы типтік үлгідегі химия және биология негіздері зертханалары, физика және астрономия негіздері зертханалары пайдаланылуда.
Колледждің білім беру жүйесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалану мақсатында 25 – интерактивті тақталы сынып, 6 мультимедиялық лингафон кабинеті, 30 мультимедиялық кабинеттер жабдықталған. 2018 жылдың қаңтар айында колледж базасында 1-робот техникалары кабинеті ашылып, 8 жинақ робот техникасымен жабдықталды. Колледж электрондық кеңсе құрал-жабдықтарымен толық жабдықталған. Сонымен қатар колледжде локальді және интернет желісіне қоса Wi-Fi сымсыз желісі жұмыс жасайды.
Колледждің жұмыс істеген жылдарында ондаған мың мамандар шығарылды, олардың кәсіби шеберліктері өндірістің түрлі салаларында қолданыс табуда.
Колледж маман даярлау барысында Түркістан облысының басты жұмыс беруші өндіріс орындарымен тығыз қарым қатынаста жұмыс атқарады. Олар: “ПетроҚазақстан Ойл Продактс” ЖШС, “HILL Corporation” ЖШС, “3-Энергоорталық” АҚ, “Автоматика Прибор Ремсервис” ЖШС, “ШСП “Автоматпром” ЖШС, “Azala Textile” ЖШС, “Tectum Engineering” ЖШС, “Шымкент сигнал және байланыс дистанциясы” АҚ, “ЛКС Сервис” ЖШС, “Шымкент Транстелеком” АҚ, Шымкент қ. Ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ, “НСК” АҚ, “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС, “Энергопоток” ЖШС, “Электро аппарат” ЖШС, “Аэропорт Шымкент” АҚ, “Қуатжылуорталық” МКК, “Қазақстан Темір жолы” Ұлттық компаниясы, “Alma TV” ЖШС, “ЭЛМО” АҚ, “Berkut IT” ЖШС, “Pro-IT Kazakhstan” ЖШС және т.б. Мұның бәрі түлектерді тікелей жұмыс берушілерге дайындау және жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстарды бірге жүргізуге мүмкіндік береді.
Политехникалық колледжі жеке тұлғаны әлеуметтік – экономикалық бағытында дамыту үшін, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тұлғаның жеке қажеттілігін ескере отырып, үздіксіз білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік мамандарды дайындау бағытында зор үлес қосуда. Біздің негізгі мақсатымыз теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзыретті маман дайындау болып келеді. Колледж түлектері бүгінгі таңда облыстың түкпір-түкпірінде өз мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етуде.