Шеберлік сағаттар

«Оқу тәрбие үрдісінде инновациялық ақпараттық – педагогикалық технологияларды ендіру» тақырыбындағы вебинар

2017 жылдың қазан айының 24-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік  кабинеті техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің Облыстық әдістемелік кабинетінің ТжКБ  ғылыми жұмыстары жөніндегі әдіскері Байназарова Гауһар Айнабекқызының Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Балабекова Дана Аманқызымен бірлесіп облыстық On-line режимінде «Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық ақпараттық педагогикалық технологияларды ендіру» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарға Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің жас мамандары, әлеуметтік –гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары мен колледж оқушылары  қатысты.

Вебинар барысында шеберлік сабақты әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының «Философия негіздері» пәнінің оқытушысы Полатова Алия Дүйсенбайқызы «Таным теориясы» тақырыбында көрсетті.

Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік  кабинеті техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің Облыстық әдістемелік кабинетінің ТжКБ  ғылыми жұмыстары жөніндегі әдіскері Байназарова Гауһар Айнабекқызы өз ойымен бөлісті және қазіргі таңдағы инновациялық әдіс-тәсілдермен таныстырды.

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің әдіскері Балабекова Дана Аманқызы өз бағасын берді, сонымен қатар бүкіл жас мамандарға күнделікті сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану және енгізу керектігін баса айтты.

Ұйымдастыруға өз үлесін қосқан әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Мырзатаева Зейнеп Әмірбекқызы да өткізілген шеберлік сыныпқа ризашылығын білдірді.