Бағдарламалау және ақпараттық жүйелер бөлімі

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша орта кәсіптік білімді маманның

БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру» бөлімінде техник-бағдарламашы мамандарын дайындайды.

Техник-бағдарламашы мамандығы арнайы математикалық моделдеу негізінде алгоритм мен компьютерлік бағдарламаларды құрумен айналысады.

Техник–бағдарламашы біліктілігін бітірген түлектер дербес компьютермен жұмыс жасайтын кез-келген мекемеде қызмет атқара алады. Сонымен қатар, ДЭЕМ операторы, қолданбалы бағдарламаларымен-бухгалтерлік бағдарламалар жұмысын, мессенджерлер, бейне және аудио бақылаушы бағдарламаларын қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі тетіктерінің жүйесін, операциялық жүйелермен жұмыс, желілік администратор жұмысы, үлкен және орта мәліметтер қорымен жұмыс, серверлерді орнату және олармен жұмыс, қосымша сыртқы және ішкі құрылғылардың жұмыс істеуін қадағалау, компьютерді сыртқы және желілік вирустардан қорғау, Web бағдарламашы, компьютер дизайнері және жобалаушысы, үлкен және кіші компьютерлік кластарды жабдықтаушы, кез-келген көлемдегі бағдарламалар құрушы және сайт жасаушы қызметтерін атқара алады.

Колледжді бітірген түлектер мына мекемелерде қызмет атқара алады: АО «Шымкенттранстелеком», ТОО «Омега ХХІ», ТОО «PROITKazakhstan», АО «НИТ» ұлттық ақпараттық технологиялар, ТОО «Ақ-Жол-Сервис KZ» және ІТ компаниялар және Web студиялар, ғылыми іздену орталықтары.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінде» бағдарламалау саласына мамандар дайындау жайында “Бағдарламалау және автоматтандырылған жүйелер» кафедрасында 130400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандық бойынша техник – бағдарламашы дайындалады.  Мамандық бойынша зертханалық дәрісханалар, заманауи техникалық оқу құралдарымен, стендтермен, керекті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен жабдықталған және эстетикалық талапқа сай безендірілген.

Өндірістік-технологиялық және диплом алды іс-тәжірибелер колледж келісім шартқа отырған регион кәсіпорындарында өтеді, мысалы ДИС АО Қазақтелеком, Облыстық статистикалық басқармасы, Облыстық мұрағаты, ТЭЦ-3 Сонымен қатар  ОҚО жетекші жоғары оқу орындарында М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Мирас Университеті.

Бұл бағытта біріншіден, негізгі базалық өндіріс орындарымен іс-тәжрибеден өту, қажеттілігіне байланысты жұмыспен қамамасыз ету келісім шарттарының мерзімі ұзартылды, олармен әлеуметтік серіктестік туралы келісім-шарттарға қол қойылды.  Техник-бағдарламашы мамандықты меңгерген оқушылардың көбі өндірістер мен кәсіпорындарға жыл сайын жұмысқа орналасады. Өнеркәсіп мамандарының тексеру нәтижесі бойынша, оқушылардың білім деңгейі жоғары және кәсіби талаптарға сай.

Бірлестікте педагогтар кәсіпорындардағы біліктілігі жоғары мамандармен байланысты қамтамасыз ету барысында жүйелі жұмыстар атқарады. Негізінен өндіріс мамандары дипломдық жобаның  рецензенттері, өндірістік тәжірибе жетекшілері болып, әрі сұрақ-жауаптан тұратын дөңгелек үстел кездесулеріне жиі қатысады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтілетін «Программистер апталығына» кафедраның оқытушылары мен студеттері белсене қатысады. Апталыққа 1-4 курс арасында түрлі қызықты іс-шаралар өтеді.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» бағдарламашы түлектері қазіргі таңда өз мамандығы бойынша биік шыңдарды бағындыруда. Атап айтқанда:

Упабеков Азамат Бауыржанұлы  Мәдениет Департаментінде инженер программист;

Байғанаев Бақытжан Жаңабайұлы «Жер комитеті және кадастр» мемлекеттік мекемесінде инженер-программист;

Ким Александр “Server”  компаниясында инженер-программист;

Нұрмұқанбетов Қанат Маратұлы АҚ Sky Telecom  компаниясында инженер-прогрммист; Ақтау қ.

Дрантусов Игорь  АҚ SkyTelecom  компаниясының инженер-прогрммисті; Ақтау қ.

Бекназаров Ахансері АҚ «Волковгеология» компаниясында экономист   қызметін атқаруда;

Данилов Антон Петрович «Қазақтелеком» ақпараттық жүйелер дирекциясының  Оңтүстік Қазақстан  Аймақтық бөлімшесінің инженер программисті;

Біздің түлектер өзіміздің колледжде де жұмыс істейді

Досмайлов Берік-«Электорника және ақпараттық жүйелер» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;

Абдраймов Даниял-2 санатты оқу өндірістік шебері;

Таджиев Санда-лаборант

Сонымен қатар бөлім оқытушылары мен студенттері облыс аралық іс-шараларға және республика деңгейіндегі үлкен жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жатыр. “Цифрлық технология” бағдарламасының негізінде ОҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен “Хакатон” хакерлер марафонында Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Тасбулатова Алия және 142 тобының студенті Байдан Самат жүлделі 3 орын иеленді.