Оқу-әдістемелік жұмыс

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» әдістемелік кабинеті 13 әдістемелік пәндік кафедралармен бірлесіп жұмыс жасайды. Әдістемелік кабинеттің негізгі мақсаты жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау, озық тәжірибелі оқытушылармен әдіс алмасу, ашық сабақтардың сапасын арттыру, жаңа ақпараттық технологияны тиімді қолдану болып табылады.
2016-2017 оқу жылы барысында оқу-әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес жас мамандар мен озық тәжірибелі оқытушылардың арасындағы тығыз байланысты нығайту және әдіс алмасу мақсатында көптеген әдістемелік сабақтар мен мастер кластар өткізілді.
Заман талабына сай оқытушылар түрлі ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өз білімдерін үнемі тереңдетіп, ақпарат әлеміндегі жаңалықтарды жинап, әріптестермен тәжірибе алмасып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын, білімдерін тереңдететін, шығармашылық қабілетін дамытатын әдістерді жүйеге келтіреді.  Оқытушылар күнделікті сабақ жоспарларының әдістемелік әзірлемесін, әдістемелік нұсқауларын дайындауды, интерактивтік тақтаны, планшеттік компьютерді пайдалануды үйрету сабақтарын тәжірибе алмасу мақсатында өзара көрсетіп, өз деңгейлерін жоғарылатады. Әрбір өткізілген ашық сабақтардың әдістемесі жүйеге келтіріліп, электронды нұсқасымен колледждің әдістемелік кабинетіне жинақталады.

Облыстық семинар-конференциялар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі» ұранымен өткен «Мәңгілік Ел» идеясы базасына біріктірілген құндылықтарға – бейбітшілікке, келісімге, патриотизмге, бірлікке арналған ОҚО облыстық білім басқармасы ұйымдастыруымен колледжде өткізілген облыстық әскери патриоттық семинарға 161 оқу тобымен «Человек спасается достоинством» тақырыбында «Орыс тілі және әдебиеті» пәндер кафедрасының оқытушысы Д.А.Балабекова аналитикалық сұхбатын және Г.Н.Бердалиева 851к оқу тобымен «Химические элементы в военном деле» тақырыбында сабақ-конференция өткізіп, семинарға қатысушылар тарапынан лайықты бағасын алып,  ОҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бурханов мырзаның  Алғыс хатымен  марапатталды.
Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы Әл-фараби аудандық ішкі істер бөлімінен «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» облыстық акция аясында жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алуды насихаттау мақсатында өткен «Жастар қалауы-зорлық-зомбылықсыз әлем» атты кең көлемді жастар акциясына белсенді қатысқаны үшін Балабекова Дана Амановна және Адылбаева Гүлжан Балтаевна алғыс хатпен марапатталды.
«Білім беру жүйесін интеграциялау жағдайында бәсекеге қабілетті маман дайындау негізі» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясының жинағында Укибасова Мария Аманбековнаның «Еңбек пәнін оқыту барысында оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолдарын анықтау» тақырыбындағы мақаласы басылып шықты.
«Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісін жаңғыртудың өзекті бағыттары мен ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшін Олжатай Гүлжанар Төребекқызы дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, республикалық «Қазақстан  патриоты» журналының ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  мұғалімдер үшін ұйымдастырған «Қазақстандық патриотизмге  тәрбиелеу» атты республикалық байқауында ІІ орынды Олжатай Гүлжанар Төребекқызы иеленді.
2016 жылғы 28 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтардың ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту мақсатында өткізілген «Тіл мерейі-2016» облыстық байқауына  қатысып, Досжанова Молдир Сырбаевна ІІ орын иеленгенді.
ОҚО білім басқармасы ОҚО әдістемелік кабинетінің ұйымдастырған «Колледждерде кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстелде кафедра оқытушысы Нұрбекова Әйгерім Болатбекқызы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» Жолдауын негізге ала отырып, «Жаһандық бәсекеге қабілетті болашақ маманға кәсіби бағдар беру жұмыстары» тақырыбында колледжде оқытылатын мамандықтардың қазіргі нарықтық экономикаға қажеттілігі туралы жан-жақты баяндама жасады.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  кафедрасының оқытушы Д.Мұсабайдың жетекшілігімен  «Әлихан Бөкейханов және қазақ тәуелсіздігі», Г.Қазбекованың жетекшілігімен «Адамзаттық ғаламдық проблемалары», Н.Амирбекованың жетекшілігімен «Менің бар бақытым –қасиетті Отаным!» тақырыптарында студенттік ғылыми-практикалық конференциялары өткізіліп, қатысушы студенттердің ерекше қызығушылығына, белсенділігіне, кафедра оқытушыларының жоғары бағаларына ие болды.
23.12.2016ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінінің 25-жылдығына арналған алғашқы әскери дайындық пәнінен «Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы» тақырыбында өткен облыстық әскери патриоттық семинарда – «Қаһарман елім дархан елім-Қазақстан!»- атты іс-шараны жоғары деңгейде өтуіне кафедраның білікті, жоғары дәрежелі оқытушысы М.К.Жұмабекова, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Б. Байдуллаева, З.А. Мырзатаева, З.У. Махановалар белсене атсалысты. Өткізілген іс-шара ОҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бурханов мырзаның  Алғыс хатымен  марапатталды.
Математика және информатика пәндер кафедрасының оқытушысы Әмірбекова Толқын Алданазарқызы «Өрлеу» №3. 2017 ж.  Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер: Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік материалдар жинағында «Орта оқыту мекемесін тәрбие мекемесіне айналдыру» атты ғылыми-әдістемелік  мақала жариялады.
«Бағдарламалау және автоматтандырылған жүйелер» кафедрасының оқытушысы Тасбулатова Алия Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының ұйымдастыруымен өтілген «Ақпараттық коммуникативтік технологияларды білім сапасын көтеру мақсатында қолдану» атты оқу-әдістемелік семинарға қатысқаны үшін сертификат алды.
2016ж. 24-25 қараша аралығында «ХХІ ғасырдағы педагогика және психология: теория, әдіснама және тәжірибе» тақырыбында Халықаралық ғылыми – тәжірибелік Конгрестің жұмысына қатысқаны үшін П.Т.Мергенбаеваға сертификат берілді. Химия пәні оқытушысы   Г.Т. Нуралинаның жетекшілігімен «Интеллектуалды жастар – еліміздің болашағы» атты Мемлекетаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жеңімпазы  153 топ  оқушысы Боранбай Тасболатқа  сертификат  тапсырылды.
ОҚО Білім басқармасы «ОҚО әдістемелік кабинетінің» 2017 жылы 30 қаңтарда  келіп түскен хатына сәйкес 2017 жылдың 2-13 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өткізілді,  және  аталған хат негізінде колледжімізде  «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы  оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым-қатынас нормаларын тарататын мақсатта   түзілген жоспар бойынша бірнеше іс-шаралар атқарылды.
Сыртқы семинарларға, республикалық, қалалық деңгейдегі шеберлік тарату мақсатындағы қашықтықта, электронды, тікелей өз қатысуымен биік нәтижелерге лайық деп танылып «Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен озат мамандарды қашықтықтан анықтау мақсатында Республикалық «Үздік педагог – 2017» байқауына қатысып Қодар Жасұлан, Тұрысбекова Гульмира Құрмет медальдарымен  марапатталды.
2017.19.05 мамырда  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның 3.0 жаңғыру» халыққа Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай жастар арасында цифрлық технологияны меңгеруі және студенттердің ІТ және кәсіптік бейімділіктерін дамыту мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінің арасында ақпараттық технологиялар саласы бойынша облыс басшысының арнайы жүлдесі үшін «Цифрлық технология» облыстық байқауын ОҚО білім басқармасы өткізді. Байқау Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі базасында өткізілді.   «Цифрлық технология» облыстық байқауына қатысып, жүлделі І орын иеленген 142 тобының студенті Байдан Самат марапатталды. Облыстық байқауын өткізуде  белсене атсалысқан Бағдарламалау және АЖ кафедрасының оқытушылары Мурадов А., Пернеев С., Кыдыбаева Л., Шойынбаева А., Утеулиев Е., және байқауға қатысушы оқушыларға жетекшілік еткен Тасбулатова А., Джантурсынова Г., Кембаева Ж.

Конференция, семинар, олимпиадалар

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» «Ұлы дала – елі» ұранымен колледж жас мамандарының кәсіби құзіреттілігін, біліктілік және шығармашылық деңгейлерін жетілдіру мақсатында өткен «Ең үздік жас маман-2016» байқауы өтті. Байқауға колледждің барлық кафедралары толық қатысып, «Ең үздік жас маман-2016» номинациясын және жүлделі  І орынды «Бағдарламалау және АЖ» кафедрасының оқытушысы Джантурсынова Гүлбану иеленді.
2017 жылдың сәуір айында жылдық жоспарға сәйкес, Қазақстанның тұңғыш академигі, ғасыр ғұламасы Қ.И.Сатпаевқа 118 жыл толуына орай колледж ішінде дәстүрлі «IX Сатбаев оқулары – 2017» ғылыми конференциясы өтті.
Колледж қабырғасында 2017 жылдың 26-27 наурызында WorldSkills Kazakhstan «Жыл шебері – 2017» Электрмонтаждау жұмыстары құзіреттілігі бойынша аймақтық чемпионат ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Облыс пен қаладан 13 колледждің студенттері қатысты. Екінші орынды 354у тобының студенті Әбдразақ Ерболат иеленді. Бағалы сыйлықтар тапсырылды.
2017.23-24 мамыр аралығында ОҚО Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен Білім олимпиадасына қатысып, орыс тілі пәні бойынша 562 тобының оқушысы Анарбек Меруерт жүлделі ІІ орынға ие болды,  жетекшісі  орыс тілі мен әдебиеті кафедрасынын оқытушысы Сулейменова С.Н., Информатика пәні бойынша 255 тобының оқушысы Шахалақов Марат ІІ орынға ие болды.
Қазақстан халқының тілдер мерекесі аясында Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты қалалық байқауына колледж оқушыларынан құралған топқа қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нұрбекова Ә. жетекшілік етіп, жүлделі ІІ орын иеленді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігі Тілдерді оқыту орталығының «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» форум аясында «Тәуелсіздік тұғыры – мемлекеттік тіл» тақырыбында мазмұндама жазу сайысына 263к топ студенті В.Ивконы қатыстырып, Облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен «Мен – Қазақстандықпын» облыстық шығармалар байқауына 564к топ студенті Базар Ләззатқа жетекшілік жасады. Кафедра оқытушылары облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап  кітапханасымен тығыз қарым-қатынаста жыл бойына жұмыс жасады. Жазушы, суретші Есқара Тоқтасынұлымен «Сахара үнімен сырлас жазушы» атты кездесу кеші және «Бауырым-ай» кітабының тұсаукесерінде прозаны мәнерлеп оқуға кафедра оқытушылары М.Досжанова мен Ә.Нұрбекова колледж студенттерін Бекболат Бекзат пен Жандар Бибігүлді дайындап, жазушының үлкен ықыласына бөленді.
Білім беру – әдістемелік орталығы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында қашықтықтан өткізілген «Тәуелсіздік тұғыры биікте» байқауына Олжатай Гүлжанар Төребекқызы екі оқушыны қатыстырып, 861к тобының студенті Құлбай Аружан «Болашағымыз бірлікте» номинациясының І дәрежелі дипломымен марапатталса, 861к тобының студенті Ескендір Аружан сертификатқа ие болды. Жатекшісі ретінде балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда қосқан үлесі үшін Олжатай Гүлжанар Төребекқызы да Алғыс хатпен марапатталды.
Кафедра оқытушысы Ә.Нұрбекова Шымкент қаласы әкімдігі Тілдерді оқыту орталығы ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қойылған талаптарды орындау мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХІХ қалалық байқауына 251 топ студенті Бекболат Бекзатты дайындап, жүлделі ІІ орын иеленді. Апталық колледж студенттері арасында пәндік Білім олимпиядасымен ашылды. Білім олимпиядасы «Жас қаламгер», «Тілші-әдебиетші» атты екі кезеңнен өтті. 861 топ суденті Ескендір Аружан мен 461 топ студенті Шавкатов Айбек жеңімпаз атанып, оларға облыстық олимпиядаға жолдама берілді.
ОҚО әкімдігі тарапынан ашық конкурс «Хакатон» хакерлік марафоны жарияланып, осы марафонға 142 тобының студенті Байдан Самат және 141 топ студенті Беков Н., 142 топ студенті Пряхина К. қатысып, жүлделі I және III орындарды иеленді. Ғылыми жетекшісі – Тасбулатова А.А.
Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары Елбасымыздың  жолдауында айтылған  “Тілдердің  үштұғырлығы“ аясындағы  мәдени   жобасы  бойынша атқарылып  жатқан   қалалық  ғылыми-конференциялар мен олимпиядаларға қатысып  жүр.
Жылдық жоспарға сәйкес колледж  оқытушыларының  өткізген барлық  ашық сабақтарының әдістемелік әзірлемелері шығармашылықпен дайындалып, кафедра мәжілісінде талдау жасалып, талқылағаннан соң бекітіледі. Ашық сабақты өткізуде кафедра  оқытушыларының  жан-жақты талдап, техникалық оқу құралдарын, интерактивті тақтаны, SMART-тақтаны, планшетті компьютерді, электрондық оқулықтарды, оқу кабинеттеріндегі жабдықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, технологиялық схемаларды т.б. тиімді пайдалануына көңіл бөлінеді.  Оқытушылардың барлығы интерактивтік тақтаны, планшеттік компьютерді, SMART-тақтаны сабақтарында үнемі қолданып,  оқушыларды ақпараттық құрылғылардың мүмкіндігімен таныстырып, ақпараттық үдерісті жүзеге асыру мақсатында  үйретеді.