Химия-технология бөлімі

Химия-технологиялық бөлімінде екі кафедра жұмыс жасайды. «Технологиялық үрдістерді автоматтандыру пәндер» кафедрасы және «Химия – технологиялық пәндер» кафедрасы. Бұл бөлімде білікті де білімді ұстаздар білім беруде. Аталған бөлімде 25 оқытушы, соның 8-і жоғары санатты, 6-ы бірінші санатты, 6-ы екінші санатты ұстаздар. Бөлімнің оқытушылары қызметтерінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдаланады, сабақтарында компьютерлік бағдарламаларды белсенді түрде қолданады.

Бұл бөлімде жас маманның тұлға болып, түлектің заманауи әлеуметтік экономикалық жағдайға шығармашылық бағыт алған және көшбасшылық қасиеттерді бойына жинаған ерікті азамат болып қалыптасуына қажетті барлық жағдайлар жан-жақты қарастырылған. Химия-технологиялық бөлімінде 1302000 – «Автоматтандыру және басқару» және 0819000 – «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша 21 топта 456 оқушы білім алуда. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 340, оның ішінде облыстық бюджет 305, Республикалық бюджет бойынша 35 және 116 оқушы ақылы негізде білім алуда. Бөлімде оқушылардан құралған «Жаңартушы жастар» ұйымы «Мейрімді» тобы жұмыс жасайды.

1302000 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша орта кәсіптік маманның біліктілік сипаттамасы. Қазіргі дамыған нарықтық заманда автоматтандыру және басқару мамандығы жауапты мамандықтардың бірі болып табылады. Басқарушы-өлшегіш аспаптар және автоматтандыру слесарының жұмысы өте алуан және биік біліктілікті талап етеді. Жоғары білікті мамандарды дайындау үшін колледжімізде оқу зертханалық кабинеттер және шеберханалар, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар, аспаптар мен автоматтандыру құрылғылары, қазіргі заманға сай компьютерлік техникалар орнатылған. 1302000 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығында оқитын студенттер мамандық бойынша келесі сабақтардан білім алады: метрология және технологиялық құрылғыларды бақылау, электроника, технологиялық процесстерді автоматтандыру, монтаж, наладка, эксплуатация мен заманауи автоматтандыру құрылғыларын жөндеу және т.б.

Түлектер алған білімдерімен кіші және үлкен өндірістерде, яғни автоматтандыру, өлшеу және электронды техникасы орнатылған өндіріс орындарында сәтті жұмыс жасай алады. Қазіргі таңда біздің түлектер эксплуатация, монтаж, наладка, автоматтандырылған жүйелерді жобалау, бақылау-өлшеу аспаптары және АСУТП, КИПиА слесары 3-4 ші разрядта, КИПиА наладчиктер, КИПиА монтаж жөндеу, техник және инженер ПТО монтаж басқарушысы және метролог.

Біздің бітіруші түлектеріміз Қазақстанның барлық облыстарындағы өндіріс орындарында қызмет етеді. Соның ішінде атап айтатын болсақ: ЖШС «Петро Казахстан Ойл Продактс», ЖШС «Автоматика Прибор Ремсервис», АҚ «Шымкентцемент», ЖШС «Azala Textiline», ЖШС «Spirit KZ», ЖШС «Газпромнефть – Битум Казахстан», ЖШС «Шымкентпиво», ЖШС «Стандарт Цемент», ЖШС «Евро Крисстал», ЖШС «Tectum Engineering» АҚ «3-Энергоорталық».

0819073 – «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша техник-технологтың кәсіптік қызмет түрлеріне: мұнай мен газды қайта өңдеу зауыттары, мұнай химиялық зауыттары, газ өңдеу зауыттарында газ, мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуге дайындаудың және қайта өңдеудің технологиялық процестің технологиялық параметрлерін бақылайды және реттейді, шикізат пен соңғы өнімнің сапасын бақылау және өндірістік басқару кәсібі. Мұнай газ өндіру кәсіпшілігінде мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғыларына технологиялық қызмет көрсету; Бумен және сумен жабдықтау қондырғылары мен өндірістік және тұрмыстық ағындарды тазарту құрылымындарына технологиялық қызмет көрсету. Мұнай базалары, автокөлік жанармай бекеттері жабдықтарында технологиялық қызмет көрсету.

«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бітірушілер ЖШС «Петро Казахстан Ойл Продактс», АҚ «Петро Казахстан Құмкөл Ресорсиз», ЖШС «Hill Corporition» мұнай газ өндіру кәсіпшілігінде мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғыларында технологиялық қондырғы операторлары өндірістік басқару бөлімі диспетчерлері қызметтерін атқарады.