Кәсіптік іс-тәжірибе

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде дайындалатын 7-мамандық 9-біліктілік бойынша күндізгі және сырттай оқыту бөлімдердің кәсіби тәжірибелерден өткізу жұмыстары ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде дайындалған типтік және оқу жұмыстық бағдарламаларымен ұйымдастырылған.
Оқу практикасы колледждің оқу дәрісханаларында, ал өндірістік іс тәжірибелер Шымкент қаласы мен ОҚО-ның кәсіпорындарының сұраныс хаттары мен келісім шарттары негізінде оқу кестесі бойынша өтеді. Атап кетсек мысалы:

Студенттердің 2016-2017 оқу жылы іс-тәжірибе орындарымен қамтамасыз етілуі  (мамандықтар бойынша)

Оқу процесінің графигінде оқу тәжірибесі, танысу тәжірибесі өндірістік тәжірибелер мерзімдері сақтала отырып, кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізуге қатысты құжаттар-тәжірибе базаларымен келісім шарттар, қатынас хаттар, тәжірибеге жіберу туралы ұсыныстар мен жолдамалар жасалынады.
Білім және Ғылым министрлігінің белгіленген 2009 жылғы 31 шілде №36 бұйрығы бойынша тәжірибеден өткен оқушылар кәсіптік практика күнделігін өндіріс орындарында өткен практика бойынша қорытынды есеп тапсырады. Оқушының тәжірибе бойынша бағасы тәжірибе басшысының қорытындысы және өзара әңгімелесу нәтижесінде қойылады.

2016-2017 оқу жылындағы кәсіптік практикалардың қорытындылары

Оқу іс-тәжірибесі оқу жоспарына байланысты колледж зертханаларында не шеберханаларында немесе мекемелер мен кәсіпорындарда жүргізіледі. Сонымен қатар оқу пәнінің жалғасы болып табылатын оқу іс-тәжірибесі барлық мамандықтар бойынша зертханаларда, оқу шеберханаларында, колледждің компьютерлік сыныптарында жүргізіледі. Мамандықтар бойынша біліктілік алу практикалары өндіріс орындарында жүргізіледі. Практиканың бағдарламалары толық орындалуда. Технологиялық практика қала мен облыстың кәсіпорындарында өткізіледі. Студенттер практикадан өту барысында істелінген жұмыстары туралы есеп береді, күнделіктері толтырылады және дербес тапсырмалар орындайды. Дипломалды практикасының бірден-бір міндеті – студенттердің оқу процесінде алған білімін жинақтап қорыту және практикалық дағдысын кемелдендіру, өндірістің озат технологиясымен, кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, экономикасымен тікелей танысып, таңдаған мамандығы бойынша ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетін жетілдіру және дипломдық жобаның материалдарын жинау, әзірлеу.
Практиканың әрбір түрі аяқталғаннан кейін практиканттың күнделігіне жасаған жұмысы туралы, оның жұмысқа деген қатынасын анықтайтын, теориялық білімін қолдану шеберлігін бағалайтын кәсіпорын тарапынан тағайындалған практика жетекшісінің пікірі жазылады.