Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінде» 26.10.2017 жылы кестеге сәйкес қамқоршылық кеңес құрылды.
Кеңес торағасы:
Жакипов Сайлаубай Мажитұлы | “3-Энергоорталық” АҚ бас директорының орынбасары, қамқоршылық кеңестің төрағасы |
Кеңес мүшелері:
№ | Мүшелері | Қызметі |
---|---|---|
1 | Ибраев Даулет Омарович | ЖШС "Оңтүстік Жарық Транзит" коммерциялық директоры |
2 | Кунтуаров Серғазы Нұртаза | ЖШС "Азия-ТРФО" бас директоры |
3 | Байзақова Сабира Мұратқызы | ОҚО әкімі аппараты жанындағы қоғамдық келісім КММ бас маманы |
4 | Асанова Рахия Асанқызы | ОҚО білім басқармасының бөлім меңгерушісі |
5 | Сманов Мұхтар Мәуешұлы | ЖШС "Оңтүстік Жарық Транзит" қызмет көрсету стансашығына кезекші электромонтер, ата-ана |
6 | Сердалиев Маханбет | Петро Казахстан Ойл Продакс, оператор, ата-ана |
7 | Мыңжасаров Тастанбек | ЖШС "Береке-А" инженер-технолог, ата-ана |
8 | Аблаев Нәби | Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, оқытушы, ата-ана |
2017 жылы 29 желтоқсан күні Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» жаңынан құрылған Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің 2017 жылғы 9 желтоқсандағы құрылымдық бөлімшелер мен оған бағынысты мекемелермен өткізген кеңесте берілген тапсырмасының 14-тармағын орындау барысында колледж директоры А.Т.Ысқақов білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы және т.б. жөніндегі есебі тыңдалды.
Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімі:
-
Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледж» директоры А.Т.Ысқақовтың білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы және т.б. жөніндегі есебі қанағаттанарлық деп танылсын;
-
Материалдық – техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту жұмыстары жалғастырылсын;
-
Бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құруды жалғастыру;
-
Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету, жағдай жасау;
-
Үнемі колледж оқушыларының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.