«Жас педагог» мектебі

Жас маманға жаднама

  • Кабинетке қоңыраудан ерте келіп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне, ОӘК, көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз. Оқушылардың сізбен ұйымдасқан түрде сәлемдесуіне (тұрып) жолтабыңыз. Аудиториядағы оқушыларды түгелдеңіз, әсіресе, тәртіпсіз балаларды. Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз.

  • Журналды қоңыраудан бұрын бетін ашып қойыңыз. Кезекшілерден сабаққа келмеген оқушыларды сұрап белгілеңіз.

  • Сабақты ерекше жігермен бастаңыз. Сабақты әрбір оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз. Аз кідірістер, баяулық, жұмыссыздық, сабақта тәртіпсіздік  туғызады.

  • Оқушыларға материалды қызықты, мазмұнды өткізіп ойлауға еліктіріңіз. Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз. Бүкіл топты қадағалаңыз.  Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз.

  • Сабақ кезінде басқа істермен шұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға тырысыңыз.

  • Білім бағасын іскерлікпен  дәлелдеу  арқылы  бағалаңыз. Жоғары баға алу үшін не нәрсені  көбірек білу керек  екенін айтыңыз.

  • Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз. Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз.

  • Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз.

  • Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегін қажет етіңіз. Есте сақтаңыз: Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі, сізге пайда келтірмейді, керісінше зиянын тигізеді. Ең жақсысы топтан қолдау күтіңіз.

Жас мамандардың алдына қойылатын көптеген тапсырмаларды өз бетінше орындалуына үлкен ізденіс пен ойлау, жігер мен ынта, күш қажет. Жас мамандардың оқу орнын бітіре салысымен барлық нәрсені біледі деуге болмайды, оның педагогика саласындағы алғашқы кезеңінде педагогикалық жүйе  дамытылып отыру қажет. Осындай әдістемелік  пәндік жүйеде жаңа жас  маманға өз білімін  жетілдіру үшін пәндік  курстардың атқаратын рөлі  өте маңызды.

Жас мамандар ұстаздық қызметін алғашқы жылдардан-ақ, бар күш-жігерін тек қана жұмысқа арнау керек.

 

Жас маманға:

Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенді сипаты, шығармашылық сипаты, нақтылығы қажет. Әдістемелік жұмыспен оқытушылар өз білімдерін жетілдірудің жалпы колледждік, топтық және ақылға қонымды үйлесімді, кешенді түрде жүзеге асырылуы ақыры жоғары нәтижелікке жеткізеді. Жас окытушыларды кәсіби шеберлікке баулу керек. Атап айтсақ, жас маманға  қойылатын талап:

  • Оқытушы жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман оқытушы болуы қажет.

  • Оқытушының педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде  қалыптасуы тиіс.

  • Оқытушы – білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулуға  міндетті.

  • Оқытушы педагогикалық қарым-қатынаста қызмет  ететін тұлға болуы керек.

  • Педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті.

Тәлімгерлік жұмыста жас мамандарымыздың  Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтататын  білімді, парасатты, ақылды, мәдениетті, іскерлі оқытушы болуға баулу.

Жыл басында жаңадан келген және бұрынан істеп жүрген жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып, жоспарлар жасақталады.