Мақсаты: қазіргі колледж жағдайында жас мамандардың табысты бейімделуіне ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау.
Тапсырмалары:
- Жас оқытушының ұжымда бейімделуіне көмектесу;
- Оның кәсіби дайындық деңгейін анықтау;
- Педагогикалық іс-тәжірибедегі қиындықтарды анықтау;
- Жас оқытушының шығармашылық жекешелілігін қалыптастыру;
- Жас педагогтардың кәсіби дағдыларын дамытуға жағдайлар жасау, оның ішінде дағдыларды қолдану, оқушылармен және олардың ата-аналарымен психологиялық қарым-қатынас құру, оқыту және тәрбиелеу түрлері;
- Жас педагогтардың кәсіби жетілу мен олардың өз-өзімен жұмыс жасау қажеттіліктерін дамыту.
№ | Сабақтың тақырыбы | Мерзімі | Жауаптылар |
---|---|---|---|
1 | - Жас оқытушы мектебінің бағдарламасын таныстыру. - Колледждің локальді актілерімен танысу. - Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды құрастыру. - Микрозерттеу: «Жас педагогтардың оқытуда, тәрбиелеуде, сынақтық жұмыс жүргізу кезіндегі мүмкіндіктері»; | 03.10.2017 | Әдіскер |
2 | - Қазіргі сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар. - Сабақтың түрі мен формасы. - Сабақты ұйымдастыру формаларына оқыту әдістерінің сәйкес келуі. - Оқытуда сабақтың тазалық-гигиеналық талаптарын сақтау. | 02.11.2017 | Әдіскер Кафедра меңгерушілері |
3 | «Оқу-әдістемелік кешен – жоспарлауда көмек»; «Оқу-әдістемелік кешенін әдістемелік барысында бір жүйеге келтіру» тақырыптарында жалпы және арнайы пәндер бойынша шебер-сынып | 11.01-12.01.2018 | Әдіскер М.Досжанова Г.Танашева |
4 | - Әр түрлі санаттағы оқушылармен жеке сабақтар ұйымдастыру. - Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендендіру мәселелері. - Дөңгелек үстел «оқушының танымдық мотивациясын дамытудың әдістері мен тәсілдері» - Оқушының оқулықпен, оқу мәтіндерімен жұмыс жасауын ұйымдастыру тәсілдері | наурыз | Әдіскер Кафедра меңгерушілері |
5 | - Оқушылардың білімін тексеру, есепке алу және бағалауға қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар. - Әдістемелік семинар «Оқушыларға емтихандарға дайындалуға қалай көмектесуге болады». - Пікірталас «Сабақта туындағай қиын жағдайлар және одан сіздің шығар жолыңыз». - Жас оқытушы мектебінің жұмысын талдау және қорытындылау. | мамыр | Әдіскер Психолог |