Энергетика бөлімі

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» «Электрэнергетика» бөлімінде 0911013 «Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электрмеханикалық қондырғыларын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша техник-электромеханик, 0902033 «Кәсіпорындарды электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша техник-электрик мамандарын дайындайды.

Техник-энергетик келесі лауазымды қызметтерді атқара алады: бригадир, шебер, прораб, жөндеу, пайдалану және өндірістік учаскілерді басқару және  «Атом электр станциясы»,«Жылу элетр станциясы» АО «3-Энергоорталық»,    «Қуат жылу орталық -3», ауыл мектептерінде қазандық қондырғыларда, ауруханаларда, жылу тораптарының, қаланы сумен қамтамасыз ету, қаланы газбен қамтамасыз ету, зауыттардың басты энергетика бөлімдерінде, жылутехникалық және жылумеханикалық жабдықтарды конструкциялау жобалау институттарда, ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету және басқа өндірістерде қала, облыс және Республика бойынша жұмыс атқара алады.

Колледж түлектері бүгінгі күні әр түрлі жылу энергетика салаларында басты энергетик, қазандық қондырғыларының бастығы, инженер лауазымында қызмет етеді  « Қуат жылу орталық 3» атқарушы директор Низамутдинов Марат және бас инженер Кожабеков Айбек, «АО-3 Энергоорталық» жылу торап қызметінің бас инженері Төребеков Еділ және қазандық турбина цехының бастығы Ерботаев Жансерік және т.б.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» «Электрэнергетикалық пәндер» кафедрасында 13 оқытушы қызмет етеді. Олардың үшеуі жоғары санатты, үшеуі 1 санатты, қалғаны 2 санатты оқытушылар.

Өз пәндерін жетік меңгерген, жаңашыл, парасатты, интелектуалды, қабілетті, жоғары санатты педагогтар Абжан Б.А., Шадырманов А. және Абдықадырова Ү.А. сабақтарын оқу-әдістемелік және техникалық жағынан жоғары дәрежеде өткізеді.

Электрэнергетикалық бөлімінде студенттер теориялық білім алумен қатар, білімдерін зертханалық және тәжірибелік стендтерде іс жүзінде бекітеді.

Зертханалар өндірістік электрқондырғылар, зертханалық жұмыстарды орындауға бейімделіп, стендтерге құрастырылған және оқу бағдарламалары бойынша барлық жұмыстарды қамтыған. Бұл стендтерде қазіргі күні кәсіпорындар мен өндірістерде қолданылатын электрқондырғылар орнатылған. Кафедра кабинеттері мен зертханаларында интернет желісіне жалғанған компьютерлер, интерактивті тақталар, документ камералар, плазмалық экран, графо-видеопроекторлар т.б. көрнекті құралдар оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар компьютермен басқарылатын электрмен қамтамасыздандыру жүйелерін, релелік қорғаныс пен автоматиканы және альтернативті энергия көздерін, соның ішінде күн энергетикасын оқып үйренуге арналған кешенді зертханалық стендтер орнатылған.

Мамандық студенттері компьютермен жақсы таныс олар курстық және дипломдық жобалардың есептік-жазбаша және графикалық бөлімдерін орындауда пайдалана біледі. Курстық және дипломдық жобаларды қорғау кезінде интерактивті тақта, графо-видеопроектор, т.б. техникалық құралдар кеңінен қолданылады.

Кафедра оқытушысы Абжан Б.А. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі алғаш ұйымдастырған «Үздік мұғалімдер балына» қатысып, 2012 жылдың «Үздік педагог» атағының иегері болды, ақшалай сыйлық алды. Келесі жылы осы кафедраның оқытушысы Абдықадырова Ү.А. 2013 жылдың «Үздік педагогі» атанып, ол да ақшалай сыйлық алды.

Оқытушылар өз пәндерінен техникалық үйірмелер жүргізеді. Оларда студенттер дәнекерлеу, күрделілігі әр деңгейлі электр схемаларын жинауды, реттеуді үйренеді, әр түрлі әрекеттегі макеттер жасайды, болашақта нақтылы диплом орындауға дайындалады.

Колледж қабырғасында 2016 жылдың 26-27 наурызында «WorldSkills Kazakhstan – Жыл шебері – 2016» «Электрмонтаждау жұмыстары» құзіреттілігі бойынша аймақтық чемпионат ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Облыс пен қаладан 13 колледждің 26 студенті қатысты. Бірінші орынды ОҚПК «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша 3032рб тобының студенті Алдияр Толқынай жеңіп алды және оған Республикалық чемпионатқа қатысуға жолдама берілді.

Кафедра түлектері энергетика саласында әр түрлі қызметтер атқаруда, олардың арасында бас инженерлер мен энергетиктер, аудандық электржелілерінің басшылары т.б. жоғары лауазымды адамдармен қатар қарапайым электршілер де бар: Глуглин А.Я.-«KEGOC» АҚ ОЖЭТ филиалының Қазғұрт ауданының бас инженері, Сейсенбаев Талғат- Созақ ауданының электржелілерінің бастығы; Керімқұлов Думан-«Бал текстиль» ЖШС-нің бас энергетигі, Бедебаев Абзал-АО Хлопкопром Целлюлоза-кәсіпорнының бас энергетигі; Юрачев Андрей-СМЭУ «Астана» бас инженері; Горячев Ярослав пен Темірғалиев Нұрқас-АО ФЮМЭС КЕGОК-тің жетекші инженерлері; Абжанов Бауыржан-Арыс тепловоз депосының бас энергетигі, Ізтлеуов Альжан- «Ай-Сервис Транс» ЖШС-нің бас энергетигі және т.б.