2022 жыл қыркүйек «Үздік педагог-2022»

Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  республикалық «Үздік педагог-2022»  конкурсының қалалық кезеңіне қатысып, жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларды дамытудағы нәтижелері және білім беру жүйесіне қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін,  арнайы пән оқытушысы Джантурсынова Гульбану Асановна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2022 жылдың 23-26 мамыр аралығында өткен «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2022»

2022 жылдың 23-26 мамыр аралығында өткен «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2022»аймақтық чемпионатында «Web-дизайн және бағдарламалау» құзіреттілігі бойынша үздік нәтиже көрсетіп, І орынды 192 топ студенті Жетписбаев Чингиз иеленді.

2021 жыл желтоқсан. «Көркем тіл. Көркем сөз. Көркем ой»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен Қ.Р.Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көркем тіл. Көркем сөз. Көркем ой» байқауында жоғарғы деңгейде өнер көрсеткені үшін 1 курс студенті Аппаққұл Айым Гран Приді иеленіп, Дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы А.Баймахан Алғыс Ары қарай

2021 жылы желтоқсан.

«ОҚМА»АҚ жанындағы  медицина колледжінің ұйымдастыруымен қалалық пікірсайыс турнирі өтілді. Тақырыптар бойынша қалалық колледждер апф форматы бойынша пікір таластырды. Политехникалық колледж студенттері Шүкірбай Ердәулет және Қилыбай Дайыржан қатысты ал, Ахметқали Қазыбек басқа колледж пікірсайысшыларына төрелік етті. Қалалық пікірсайыс турнирі қорытындысы бойынша Ары қарай

2021 жыл желтоқсан.

Шымкент қаласы студенттері арасында өткен Қ.Р Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұнайтпасовтың 150 жылдығына арналған спартакияда да, жарыстың шахмат түрінен Политехникалық колледжінің белсенді студенттері жүлделі І-ші орынды иеленді.

«Үздік 100 студент-2021»

        2021 жылдың 16 қарашасы. «Үздік 100 студент-2021»  «Talap» КЕАҚ-ның ұйымдастыруымен онлайн форматтындағы конкурста Политехникалық колледжінің 3 курс студенті Әріп Сүндет интернет ресурста дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз атанды.      Шымкент қаласы білім басқармасы “Политехникалық колледжі” МКҚК, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Ары қарай