Радиоэлектроника және байланыс бөлімі

“Радиоэлектроника және байланыс” бөлімінде қазіргі таңда 344 студент күндізгі бөлімде оқиды. Оның ішінде 288 студент бюджеттік және 56 студент ақылы түрде білім алуда. Бөлімде 9-шы және 11-ші сыныптан кейін қабылданған студенттер бар. “Радиоэлектроника және байланыс” бөлімінде 15  арнайы пән оқытушысы жұмыс істейді. 1 жоғарғы санатты, 5 І-ші санатты және 6 ІІ-шы санатты оқытушылар. Жоғары білікті оқытушылар арнайы біліктілікті арттыру курсынан өтіп сертификат алған. Кафедра оқытушылары облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып грамоталар, алғыс хаттармен марапатталған. “Радиоэлектроника және байланыс” кафедрасына 8 қарасты кабинет бар. Оның ішінде: 3 оқыту кабинеті, 3 зертханалық кабинет және 2 сызу кабинеті. Оқыту кабинеттері толық заманауи техникалармен, проектор,  компьютерлермен жабдықталған. Зертханалық кабинеттерде соңғы үлгідегі қондырғылар, телекоммуникациялық бағытындағы жаңа талшықты-оптикалық байланыс түрімен оқыту жүйесі бойынша оқытылады.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» “Радиоэлектроника және байланыс” кафедрасы көптеген өндірістік-мекемелермен тәжірибе алмаса отырып, дөңгелек үстел конференциясын ұйымдастырады. Атап айтқанда: “Шымкенттранстелеком” АҚ, “Қазақтелеком” АҚ, “Шымкент сигнализация және дистанция” АҚ, “Қазтелерадио” АҚ. Осы аталған өндірістік мекемелерде біздің студенттер практидан өтуде.

Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» “радиоэлектроника және байланыс” бөлімінің студенттері облыстық және колледж аралық әр түрлі жарыстарға қатысып, облыстық номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған.