Біліктілік: 090603 3 – Техник-энергетик

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 587-қосымша

«Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

Кәсіптік практика және циклдер бойынша білім беретін бағдарламалар мазмұны (9 — сынып негізінде)

Жалпы гуманитарлық пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ЖГП 01Кәсіптік қазақ (орыс) тілі.
Кәсіптік тілдің рөлі: мамандық бойынша терминология; кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқу және аудару техникасы (сөздікпен); кәсіптік қарым-қатынас; мамандыққа бағытталған мәтіндер бойынша әңгімелер, сұхбаттар құрастыру.
Білімдер:
- қазақ (орыс) тілінде және кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқып, аудару үшін (сөздікпен) қажетті лексикалық (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимумды меңгеру.
Іскерліктер:
- кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, өзінің кәсіптік қызметінде қазақ (орыс) тілінен білімдерін пайдалану.
БҚ 1,2,4,6,7
ЖГП 02Кәсіптік шетел тілі.
Мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті лексика-грамматикалық материалдар; сөйлесудің әртүрлі түрлері мен тілдік нысандарды (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік); кәсіптік бағдарлы мәтіндерді аудару техникасы.
Білімдер:
- мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал.
Іскерліктер:
- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік).
БҚ 2,4,7
ЖГП 03Қазақстан тарихы.
ЖГП 04Дене тәрбиесі.
Маман дайындауда дене тәрбиесінің рөлі, оның салауатты өмір салтын қалыптастыру; дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері; кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы.
Білімдер:
- дене тәрбиесінің әлеуметтік-экономикалық және психофизиологиялық негіздерін;
- дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздерін.
Іскерліктер:
- денсаулықты сақтау және нығайтуда дене тәрбиесі білімдерін қолдану.
БҚ 8

 

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ӘЭП 01Мәдениеттану.
Мәдениеттану және оның қоғамдық өмірдегі рөлі; мәдениетті зерттеудегі көзқарстардың алуан түрлілігі; мәдениет және өркениет; мәдениеттің орнауы; мәдениеттің конфуциан-даосистік түрі; мәдениеттің индо-буддалық түрі;
ислам мәдениеті әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс еуропалық мәдениет және оның қазіргі әлемнің дамуына ықпалы; африка мәдениетінің ерекшелігі мен бірегейлігі; расизм проблемасы; көшпенді өркениеттің пайда болуы және бірегейлігі; Орта ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; 17-19 ғасырдағы қазақтардың мәдени салттары; қазіргі Қазақстанның мәдениеті.
Білімдер:
- негізгі ұғымдарды;
- конфуцийшілдік; даосизм ұғымдарын; Қытайдың өнерін; иероглифін; Қытайдың пейзаж суреттерін;
- индия мәдениетінің ерекшеліктерін және оның негізгі жетістіктерін;
- ислам; курайш ұғымдарын; Мұхаммед; Құран; Аллах; Мекке ұғымдарын;
- христиан оқуларының негізгі принциптерін және оның құндылық бағыттарын;
- Франция мәдениетін; Ашель мәдениетін: проманьондар, галлалар, франктар әдебиеті, философиясы;
- көшпенділердің өмір сүрулері мен құндылық жүйесі туралы;
- орта ғасыр кезеңінде қазақ этносының мәдени негізі туралы білімдерін;
- түрік және араб мәдениетінің орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетіне әсері туралы.
Іскерліктер:
- қытай мәдениетінің
ерекшеліктерін ашу;
- мәдениеттану ұғымдарын еркін пайдалану;
- көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшелігін, оның қоғамдық мәдени өмірдегі орнын көрсету.
БҚ 2,4,6,8
ӘЭП 02Философия негіздері.
Философия және оның қоғамдағы рөлі; философияның тарихи типтері; материя және сана; диалектика және оның баламасы; қоғамның философиялық ұғымы; таным теориясы; қоғамдық сана және оның нысандарының алуан түрлілігі; адам болмысы философия проблемалары ретінде; адам қоғамдық қарым-қатынастар объектісі және субъектісі ретінде.
Білімдер:
- негізгі философиялық ұғымдарды: материя, философияның негізгі сұрақтары, диалектика, диалектика заңдары, сана, таным, болмыс;
- болмыстың жалпы мәселелерін, танымның жалпы мәселелерін, қоғамның қалыптасуын және дамуын, адамның ортақ және маңызды проблемаларын.
Іскерліктер:
- негізгі философиялық ұғымдарға еркін сүйене білу, сол немесе басқа сындарды дәлелдеу және сынға алу, ақиқаттың әртүрлі құбылыстары арасындағы өзара байланысты аша білу, қоршаған шындықтың қарама-қайшылықтарын талдау.
БҚ 4,6,8
ӘЭП 03Экономика негіздері.
Мақсаттары, негізгі ұғымдары, функциялары, мәні, қағидалары; меншік нысандары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлардың түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау; жоспарлаудың және болжам жасаудың экономикалық негіздеу әдістері; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынатын нарық тауарлары мен қызметтердің жағдайына талдау жасау; нарықтық инфрақұрылым.
Білімдер:
- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;
- елдегі және шетелдердегі экономикалық жағдайларды;
- макро және микро экономика негіздерін, салық, ақша-несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы.
Іскерліктер:
- өзінің кәсіптік қызметінде бағдары үшін қажетті экономикалық ақпаратты тауып, қолдана білу.
БҚ 1,7,9
ӘЭП 04Саясаттану және әлеуметтану негіздері.
Саясаттану пәні; саясаттану білімінің құрылымы; саяси ойдың тарихы; билік адамдар арасындағы еркін қарым-қатынас ретінде; үкіметті заңды деп танушылық және қағидалары; саяси жүйе үкімет механизмі ретінде; саяси тәртіп; мемлекет саяси институт ретінде; саяси партиялар және партия жүйелері; саяси элита; саяси көшбасшылық; саяси идеологиялар; дүние жүзілік саяси процесс; Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы; әлеуметтану ғылым ретінде; негізгі әлеуметтік ұғымдар.
Білімдер:
- негізгі саяси ұғымдарды: билік, билік ресурстары, биліктің заңдылығы, саяси жүйе, саяси тәртіп, мемлекет, мемлекетті басқару нысандары, мемлекеттің орналасу нысандары, саяси партиялар, партия жүйелері, саяси элита, саяси көшбасшылық, геосаясат;
- саяси ғылым пәні мен әдісін.
Іскерліктер:
- халықаралық саяси процестерді талдау, геосаяси жағдай, Қазақстанның қазіргі өмірдегі орны мен рөлі;
- саяси мәдениет дағдыларын меңгеру;
- күнделікті өмірде және кәсіптік қызметте саясаттану білімдерді қолдану.
БҚ 6,8
ӘЭП 05Құқық негіздері.
Құқық, ұғым, жүйе, көздер, Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық жүйе ядросы; адам құқығының жалпы қоғамдық декларациясы, тұлға, құқық, құқықтық мемлекет, заңды жауапкершілік және оның түрлері, құқықтың негізгі салалары, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.
Білімдер:
- адам мен азаматтың құқықтарын және бостандық-тарын; оларды іске асыру механизмдерін;
- кәсіптік қызметі саласындағы құқықтық және адамгершілік -этикалық нормаларын.
Іскерліктер:
- маманның кәсіптік қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалану.
БҚ 3,4,8

 

Жалпы кәсіптік пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдылар Қалыптасатын құзыреттер коды
ЖКП 01Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу.
Іс жүргізу бойынша сөздікпен жұмыс істеу; құжаттау және шаблондау мен стандарттауды құжаттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттар; құжаттарды шаблондаудан түсінік; әкімшілік-ұйымдастыру құжаттарының тізіміне кіретін құжаттарды құру ережелері; офистік және құжаттамалық жұмыс негіздері; техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясы.
Білімдер:
- құжаттау қызметінің құрылымын, лауазымдық міндеттерді, техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясын.
Іскерліктер:
- әкімшілік-ұйымдастыру құжаттарын, мемлекеттік тілде қызметтік хат алысуды құру және рәсімдеу;
- құжаттармен келіп түскен сәтінен, істі рәсімдеуге дейін жұмыс жасау;
- анықтамалық әдебиетпен жұмыс жасау.
БҚ 4,5,6,8
ЖКП 02Сызу.
Кіріспе, КҚБЖ, МЕМСТ түсініктемесі; сызбалардың графикалық рәсімделуі; сызба сызықтары; сызба форматтары; графикалық редактордың көмегімен сызбаларға стандартты қаріптермен жазулар түсіру; масштабтар; өлшемдер түсіру; қолмен және графикалық редактордың көмегімен тетіктердің контурларын түсіру тәсілдері; техникалық сызу; сызбалар мен нобайларды орындаудың жалпы ережелері; сұлбалардағы шартты, графикалық белгілеулер; мамандық бойынша сұлбалар.
Білімдер:
- МЕМСТ 2.303-68* бойынша сызықтарды, МЕМСТ 2.301-68* бойынша форматтарды;
- МЕМСТ 2.304-81 бойынша
сызба қаріптерін;
- МЕМСТ 2.302-68 бойынша масштабтарды, МЕМСТ 2.307-68* бойынша өлшемдер түсіру ережелерін.
Іскерліктер:
- стандартты сақтай отырып, әртүрлі сызықтарды сызу;
- сызбаларда стандартты қаріппен жазба жазу;
графикалық редактордың көмегімен сызбаларға стандартты қаріптермен жазулар түсіру;
- сызба масштабын анықтау, берілген масштабта қолмен және графикалық редактордың көмегімен тетіктердің сызбаларын орындау;
- сызбада қарапайым түрдегі тетіктердің өлшемдерін түсіру;
- мамандық бойынша электр сұлбаларды оқу.
БҚ 2
КҚ 3.1.1
ЖКП 03Техникалық механика негіздері.
Статика; статика аксиомалары, күш жүйелері, материалдар кедергісі; деформацияланған күйдің түрлері: созылу (сығылу), ығысу, айналдыру, тура иілу, күрделі деформация; беріктікке есептеу; механизмдер мен машиналардың бөлшектері, механизмдер мен машиналардың кинематикалық сұлбаларын оқу және құру; әртүрлі берілістегі буындардың негізгі өлшемдерін геометриялық есептеу.
Білімдер:
- статистиканың негізгі ұғымдарын, жазық күш жүйелерін, күш моменттерін, кинематика және динамика элементтерін;
- материалдардың кедергілер негіздерін, машина тетіктерінің негіздерін.
Іскерліктер:
- механикалық жүйелердің беріктігіне есептеулер жүргізу;
- механизмнің қажетті түрін таңдау, механизмдер мен құрылымдардың жиынтық бірліктерінің құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасау.
БҚ 2,3
ЖКП 04Жылу техникасының теориялық негіздері.
Техникалық термодинамиканың негізгі ережелері; газ заңдары; газ қоспалары; жылу сыйымдылық; газ үшін pv-диаграммасы; термодинамика заңдары; идеал газдардың термодинамикалық процестері; энтальпия; энтропия; газ циклдері; реал газдар; су буы және оның қасиеттері; су буының термодинамикалық процестері; газ бен будың өтуі және реттеу; бу турбиналы қондырғылардың циклдері; жылу алмасу теориясының негізгі ережелері; жылу өткізгіштік; конвективті жылу алмасу; жылу беру және жылу шығыны; ұқсастық және модельдеу негіздері; сұйықтықтардың еркін қозғалысы, құбырлармен еріксіз және көлденең айналып ағуы, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі кезіндегі жылудың берілуі; жылу таралуының негізгі ұғымдары мен заңдары; денелер арасындағы жылу алмасудың таралуы; жылу алмастырғыш аппараттар.
Білімдер:
- жылудың дәстүрлі емес жылу көздерін пайдалану жөніндегі жалпы сұрақтарды;
- жұмыс денесінің параметрлерін;
- қысымды өлшеудің әртүрлі түрлері бірліктері арасындағы арақатынасты;
- жылу сыйымдылықтың алуан түрлерін; әртүрлі жылу сыйымдылықтың түрлері арасындағы тәуелділікті;
- термодинамика заңдарын;
- термодинамикалық процестерді;
- энтропия, энтальпияның физикалық мәнін; өлшем бірліктерін;
- РV және ТS диаграммаларында газ циклдерінің жұмыс қағидасын; ПӘК анықтауды;
- бу түрлерін, бу құрамын, бу параметрін;
- реал газдардың қасиеттерін;
- РV, ТS, һS – су буының диаграммаларын;
- будың негізгі процестерін: изобаралық, изохоралық, изотермиялық және адиабаттық;
- әрбір процесте су буының жылу көлемін, жұмысын, параметрлерін анықтау әдістерін;
- ағу және реттеу мақсатын; процестердің тәуелділігін; ағуды және реттеуді есептеуді;
- бу-турбиналы қондырғының сұлбасын, Ренкин циклін;
- Ренкин циклінде пайдалы жұмсалған жылуды;
- Ренкин циклінің ПӘК арттыру тәсілдерін;
- регенерациялық циклді; аралық асқын қызған бу циклін; жылыту циклдерін; бинарлы және бугазды циклдерді.
Іскерліктер:
- барометр, манометр және вакууметр көрсеткіштері бойынша абсолюттік қысымды есептеп шығару;
- жылу сыйымдылығы мәнін, жылу мөлшерін анықтау;
- РV және ТS диаграммаларында су буының процестерін бейнелеу; будың параметрлерін, жұмысын және жылуын анықтау;
- кестелер және һS диаграммасы бойынша параметрлерін табу;
- РV-, ТS-, һS-диаграммаларында будың түзілуін бейнелеу;
- РV-, ТS-, һS-диаграммаларында су буынының термодинамикалық процестерін бейнелеу;
- бу күйінің параметрлерін, жылу мөлшерін, ішкі энергияның өзгеруін, барлық процестердегі жұмысты анықтау;
- РV-, ТS-, һS-диаграммаларында газдар мен будың ағу және реттеу процесін бейнелеу; параметрлерін, жұмысын, жылдамдығын, шығынын анықтау;
- РV-, ТS-, һS-диаграммаларында Ренкин циклін бейнелеу; ПӘК энтальпияға тәуелділігін талдау;
- һS су буының кестесі мен диаграммасы бойынша энтальпияны табу.
БҚ 1,2,3
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.4
ЖКП 05Жылу энергетикасындағы конструкциялық материалдар.
Металдардың құрылымы, қасиеттері және сынау тәсілдері; темірдің көміртекті қоспалары; қорытпа күйінің диаграммасы; көміртекті болаттар мен шойындар; болаттарды термикалық және химия-термикалық өңдеу негіздері; қоспалы болат пен қорытпалар; түсті металдар қорытпасы; металл емес конструкциялық материалдар; металдар мен қорытпаларды өңдеудің негізгі тәсілдері; рұқсат беру, орнату және техникалық өлшемдер; металдарды өңдеудегі стандарттау және метрология; жылу энергетикалық қондырғылардың конструкциялық материалдарының жұмыс шарттары; бу турбиналарының конструкциялық материалдары; атом электр станциялардың негізгі жабдығының конструкциялық материалдары; тазарту құрылыстарындағы су дайындау қондырғылары жабдығының конструкциялық материалдары; электрмен имектеп дәнекерлеу; газбен дәнекерлеу; термикалық кесу; электр станцияларының жылу энергетикалық жабдығы мен құбырларын монтаждау және жөндеу кезіндегі дәнекерлеу жұмыстары; автоматтық және жартылай автоматтық дәнекерлеу; негізгі жылу энергетикалық жабдықты бақылау көлемі, түрлері, мерзімдері; ақауды табу әдістері мен құралдары.
Білімдер:
- материалдардың негізгі сипаттамаларын; кристалл тордың қасиеттерін; кристалл тордың ақауларын;
- қорытпалардың кристалдану температурасын, кесу ережелерін;
- салқындау кезінде қорытпалардағы аллотропиялық өзгерістерді;
- мақсаты және химиялық құрамы бойынша болат пен шойынның жіктелуін;
- болат пен шойынның таңбалану принципін, қолданылу саласын;
- термикалық және химия- термикалық өңдеудің мақсаты мен міндеттерін, жылумен өңдеу және ХТӨ түрлерін;
- тоттану салдарын, тоттанумен күресу әдістерін;
- қоспалы болаттың міндеті, құрамы бойынша жіктелуін, қоспалы болаттың таңбалану принципін, қолданылу саласын;
- түсті металдардың таңбалану принципін, түсті металл қорытпаларының қолданылу саласын;
- қысыммен өңдеу түрлері туралы: басу, созу, нығыздау, соғу, қалыптау; қысыммен өңдеуге арналған жабдық түрлерін; илемдеу бұйымдарының түржиыны туралы;
- қысыммен өңдеудің әрбір түрінің ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін;
- дәнекерлеу технологиясын, халық шаруашылығында дәнекерлеудің қолданылуын;
- өзараалмасушылыққа рұқсат беру жайлы;
- стандарттаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін;
- материалдың қызмет көрсету мерзіміне қолайсыз факторлардың әсері туралы;
- жылжығыштық қасиеті мен кезеңдері; релаксация; радиация; радиациялық тұрақтылық туралы;
- бу қазандары жабдығының материалдарына қойылатын талаптарды;
- ерекше қасиеттері бар болат пен қорытпалардың таңбаларын;
- бу құбыры үшін қолданылатын материалдарға қойылатын талаптарды;
- бу турбиналарының, құбырлардың материалдарына қойылатын талаптарды және жұмыс шарттарын;
- құрылымы әртүрлі болаттардың, түсті металдардың, биметалдардың сипаттамаларын;
- пісіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;
- пісіру аппаратына қойылатын талаптарды;
- электрмен имектеп пісірудің артықшылықтарын;
- пісіру кезінде құрылымдық өзгерістерге ұшыраудың себептерін;
- қосындының мақсаты мен құрамын; сығылған газ балондарының құрылымын; газбен пісіруді қолдану саласын;
- оттекті кесу құрылғысын; тасымалданатын және стационарлы оттекті кесу машиналарының жұмыс қағидасын;
- жылу энергетикалық жабдықты монтаждау және жөндеу кезіндегі пісіру жұмысының ерекшелігін;
- пісірумен қосылған жерлердің сапасына қойылатын талаптарды;
- әр текті болатты пісіру технологиясын;
- ЖЭС және АЭС-тағы пісіру жұмыстарына жіберілетін дәнекерлеушілерге қойылатын талаптарды;
- пісіру жұмыстарын жүргізу кезінде және өртке қарсы іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;
- құбыр пісіру автоматтарының жұмыс қағидасын, техникалық сипаттамаларын және қолданылу саласын;
- автоматтық және жартылай автоматтық пісіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін.
Іскерліктер:
- материалдарды мақсаты мен қасиеттері бойынша жіктеу;
- қорытпа күйінің диаграммасымен жұмыс істеу, қорытпа құрылымын, критикалық нүктелерді анықтау;
- берілген қорытпа үшін ТӨ және ХТӨ түрін таңдау;
- тоттану түрлерін анықтау;
- болаттың, түсті металдар мен олардың қорытпаларының таңбаларын ашып оқу;
- материалды мақсаты бойынша таңдау;
- өлшеу аспаптарымен және құралдарымен жұмыс істеу;
- мемлекеттік өлшеу жүйесін пайдалану;
- әртүрлі жұмыс режимдерінде жылу техникалық жабдықтың түйіндері мен тетіктерінің ықтимал өзгеріске ұшырау түрлерін анықтау.
БҚ 1,2,3
КҚ 3.1.1
ЖКП 06Гидравлика және сорғылар.
Сұйықтықтың физикалық қасиеттері; гидростатика және гидродинамика негіздері; гидравликалық кедергілер; сұйықтықтың ағуы, құбыр және түтік бойымен жылжуы; сорғылар туралы жалпы мәліметтер; электр станцияларының сорғы жабдықтары; сорғылар.
Білімдер:
- сұйықтың негізгі физикалық қасиеттерін және олардың температура мен қысымға тәуелділігін;
- гидростатиканың негізгі теңдеуін, үздіксіздік теңдеуін және Бернулли теңдеуін;
- сұйықтық қозғалысының екі режимін; гидравликалық кедергілердің жіктелуін; сұйықтың қозғалысы кезінде бойлық бойынша қысым шығынын анықтауды;
- сығылу, жылдамдық және шығын коэффициентін анықтауды, әртүрлі қондырмалардың сапалық сипаттамасы мен олардың қолданылу саласын;
- қарапайым құбырды есептеу кезіндегі негізгі міндеттерді;
- сорғылардың мақсатын; олардың негізгі параметрлерін;
- центрден тебетін сорғының негізгі теңдеуін, сорғының теориялық және нақты арынын анықтауды;
- сорғы жабдығына қойылатын талаптарды; қоректік, конденсациялық, тораптық, циркуляциялық және майлы сорғылардың типтері мен параметрлерін.
Іскерліктер:
- сұйықтың физикалық қасиеттерін анықтау үшін кестелермен және формулалармен жұмыс істеу;
- ыдыстың түбі мен қабырғасына қысым күшін есептеу;
- гидравликалық үйкеліс коэффициентін және жергілікті кедергілер коэффициентін анықтау;
- ағу кезіндегі шығынды және кететін уақытты анықтау бойынша есептеулер жүргізу;
- аспаптар көрсеткіштері бойынша сорғы қысымын анықтау;
- қалқанша кіре берісі мен шығысында сұйықтық жылдамдығының үшбұрышын құру;
- каталогтармен және техникалық құжаттармен жұмыс жасау.
БҚ 1,2,3,4
КҚ 3.1.1
ЖКП 07Жалпы электротехника электроника негіздерімен.
Электр өрісі; тұрақты токтың электр тізбектері; электрлік магнетизм; электрлік өлшемдер; айнымалы токтың бір фазалы электр тізбектері; үш фазалы электр тізбектері; трансформаторлар; айнымалы және тұрақты токтың электр машиналары; электр энергиясын беруі, тарату; электронды жартылай өткізгіш аппаратура.
Білімдер:
- электрлік сыйымдылықты есептеу әдістерін; электр шамаларының өлшем бірліктерін;
- Ом және Кирхгоф заңдарын;
- магниттік өрістің сипаттамаларын;
электр өлшеу аспаптарының құрылғысын;
- айнымалы токтың бір фазалы электр тізбектерін есептеу әдістерін;
- айнымалы токтың үш фазалы электр тізбектерін есептеу әдістерін;
- трансформаторлардың міндеттерін, құрылғысын, жұмыс режимін және түрлерін;
- үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың құрылғысын, негізгі сипаттамаларын;
- тұрақты ток машиналарының құрылғысын.
Іскерліктер:
- өлшеу аспаптарын пайдалану, электр тізбектерін есептеу;
- электр және магниттік тізбектердің тогын, кернеуін, қуатын, кедергісін өлшеу;
- айнымалы токтың электр тізбектерінің әртүрлі элементтерімен сұлбаларды құру; аспаптардың көрсеткіштерін алу;
- векторлық диаграммаларды құру;
- үш фазалы электр тізбектерінің сұлбаларын құру; коэффиценттерді анықтау, жұмыс режимдерін ауыстыру;
- үш фазалы асинхронды қозғалтқышты іске қосуды жүзеге асыру;
- тұрақты ток машинасын іске қосуды жүзеге асыру.
БҚ 1,2,3
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.17
ЖКП 08Компьютерлік технология негіздері.
Windows АЖ; Microsoft Word мәтіндік редактор; Excel электронды кесте; деректер базасы; компьютерлік желілер; Auto Cad графикалық редактор; ЭЕМ және курстық жобалауда қолдану; автоматтандырылған жұмыс орындары.
Білімдер:
- жоғары деңгей тілінде алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін;
- пайдаланушыға компьютерді жөнге келтіруді; желіде жұмыс жасауды;
- офистік бағдарламалармен жұмыс жасауды.
Іскерліктер:
- АЖ баптау;
- мәтінді пішімдеу және түзету енгізу; кестелер құру және түзету енгізу;
- ақпаратты алу және жөнелту үшін жергілікті желі мен жаһандық желіні пайдалану;
- сызбалар құру және түзету енгізу.
БҚ 5,7
КҚ 3.1.7

 

Арнайы пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
АП 01Жылу электр станцияларының қазандық қондырғылары.
Отынның жіктелуі және оның техникалық сипаттамалары; қатты, сұйық және газ тәрізді отынның жану негіздері; отынды пайдалану тиімділігі; оттық құрылғылар; гидродинамика негіздері және бу қазандарының су режимі; қыздырудың бу түзейтін беттері; бу қыздырғыштар; төмен температуралы қызу беттері; бу қазандарының қаңқасы, қаптамасы және гарнитурасы; бу қазандарының конструкциясын құрастыру, жылуды есептеу әдістері; қазанның су-бу өтетін жолы және негізгі элементтерін беріктікке есептеу; отын беру және қатты отынның шаңын дайындау; газмазутты электр станцияларының отын шаруашылығы; қазандық қондырғылардың газ-ауа жолы, күл- қожды жою.
Білімдер:
- ЖЭС технологиялық сұлбасында бу қазанының рөлін, қазандық қондырғының сұлбасын, оның элементтерінің белгіленуін, қазандардың таңбалануы мен параметрлерін, негізгі терминдері мен анықтамаларын;
- қатты отынның жіктелуін, жанудың меншікті жылуын, шартты отын ұғымын;
- теориялы қажетті ауа мөлшері ұғымын, ауа шығыны коэффициентін;
- жылу теңгерімінің теңдеуін, қазанның ПӘК анықтау теңдеуін;
- қатты және сұйық қож кетіруі бар оттықтардың, газ бен мазутты жағуға арналған оттықтардың, құйынды оттықтардың, үдете үрлейтін оттықтардың құрылымдарын;
- қазан барабанының құрылымын, таза буды алу әдістерін, сепарациялық барабанішілік құрылғылардың құрылымын;
- бу қыздырғыштардың конструкциясын, бу қыздырғыштарды құрастыру сұлбасын;
- қыздыру бетін құрастыруды және құрылымын;
- экономайзердің, ауа қыздырғыштардың конструкциясын, олардың жұмыс қағидасын;
- қаңқалардың құрылымын, қазан және құбыр барабандарының бекітілуін; қаптау, жылу оқшаулағыш құрылғысы мен түрлерін, гарнитурлар құрылымын;
- МЕМСТ 3619-81 бойынша қазандардың типтері мен жіктелуін;
- жылуды есептеу мәселелерін;
- арматура кластарын, арматураның құрылымын, оны орналастыру орнын;
- жылу беру жабдығының құрылғысы мен жұмыс қағидасын, отынның көмір үгіту сипаттамаларын, шаң дайындау жүйелерінің жұмыс қағидасын, шаң жүйесінің сұлбаларын;
- станцияның мазутты және газ шаруашылығы сұлбасын;
- газ ауа жолының сұлбалары мен оның құрылымдық элементтерін, жұмыс қағидасын, күл ұстағыштардың негізгі сипаттамаларын;
- күл-қож жою құрылғыларының құрылымын.
Іскерліктер:
- отынның бір массасынан екіншісіне қайта есептеу жүргізу, жану жылуын бір массадан екіншісіне қайта есептеу жүргізу;
- ауа шығыны коэффициентін анықтау, жану өнімінің энтальпиясын есептеу, отын жаққан кездегі жану өнімінің көлемін анықтау;
- жылу теңгерімін есептеу, q2, q3, q4, q5, q6 жылу шығынын, тура және кері теңгерім жылуы бойынша қазанның ПӘК анықтау, қазанға түсетін отын шығынын анықтау;
- оттық нобайын сызу және геометриялық сипаттамаларын есептеу;
- экономайзердің, ауа қыздырғыштардың жылулық есебін орындау;
- барабанды және тура ағатын типті қазандардың сұлбасын құру;
- қазан элементтерін есептеу;
- қазанның негізгі элементтерін беріктікке есептеу;
- отынның түріне қарай ең ұсақ құрылғылардың түрін және шаң жүйесінің сұлбасын таңдау;
- желдеткіштерге, күл ұстағыштарға және түтін құбырларына есептеу жүргізу және таңдау;
- күл-қож жою жабдығын таңдау.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
АП 02Жылу электр станцияларының турбиналы қондырғылары.
Бу және газ-турбиналы қондырғылар туралы негізгі ұғымдар; турбина торлары арқылы ағатын будың газдинамика негіздері; турбиналы саты және оны есептеу; көп сатылы бу турбиналары; бу-турбиналы қондырғылардың қосымша жабдығы; бу турбиналары түйіндерінің және тетіктерінің құрылымы; конденсациялық турбиналар; жылыту турбиналары; бу турбиналарын реттеу, маймен жабдықтау және қорғау; бу турбиналарының айнымалы және өтпелі жұмыс режимдері; газ-турбиналы қондырғылар.
Білімдер:
- БТҚ және ГТҚ жіктелуін;
- торлардың геометриялық және аэродинамикалық сипаттамаларын;
- турбиналар қуатын арттыру тәсілдерін; ағатын бөліктің сұлбасын, ағатын бөліктегі шығындарды, жылудың қайту коэффициенті ұғымын;
- конденсаторлардың, деаэраторлардың, қыздырғыштардың міндетін, құрылғысы мен жұмыс қағидасын;
- жоғары, орта және төмен қысымды цилиндрлер корпустарының құрылымын (ЖҚЦ, ОҚЦ, ТҚЦ), олардың айырмашылықтарын, материалдарын;
- ЖҚЦ, ОҚЦ, ТҚЦ турбиналар роторларының құрылымын және жұмыс шарттарын, олардың материалдарын, тығыздалуын, мойынтіректерін;
- конденсациялық турбиналардың типтері мен таңбалануын; сұрыптау мен вакуум тереңдігінің турбинаның түтін шығатын бөлігіне және соңғы қалақша биіктігіне әсерін;
- Т, ПТ, Р типті турбиналы қондырғылардың типтерін, таңбалануын және қағидалық сұлбасын;
- аралық асқын қызу буымен және бусыз турбиналар үшін реттеудің әртүрлі сұлбаларын; барлық қорғаныстарды;
- майдың берілу және таралу жүйесін;
- сырғымалы параметрлерде есептелмейтін режимдегі саты жұмысын.
Іскерліктер:
- турбина типтерінің таңбасын ашып оқу; hs-диаграммасында кеңею процесін құру және оны пайдалану;
- сатыны жылулық есептеу үшін hs-диаграммасын және тұрғызылған үшбұрыш жылдамдығын пайдалану;
- ротор мен статордың тетіктері үшін материалдар таңдау;
- турбинаның ағатын бөлігі қиықтарын жақсы білу;
- турбина және оның әрбір бөлігі арқылы өтетін бу шығынын анықтау.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
АП 03Жылу электр станцияларының электр жабдығы.
ЖЭС электр бөлігі туралы жалпы мәліметтер; қысқа тұйықталулар және жерлендіру құрылғылары; кернеуі 1000В. дейінгі және жоғары электр аппараттары; ЖЭС электрлік жалғаным сұлбасы; ЖЭС меншікті мұқтаждары; тарату құрылғыларының құрылымы; аккумулятор батареясы; релелік қорғаныс және автоматика.
Білімдер:
- электр қондырғыларында жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы жалпы мәліметтерді;
- ҚТ токтарының жабдықтың ток өткізгіш бөліктеріне және қоршаған ортаға термикалық және динамикалық әсерін;
- сақтандырғыштардың, айырғыштардың, магниттік іске қосқыштардың мақсатын, типтері және құрылымын;
- өткізгіштер мен оқшаулағыштардың міндеттерін, типтерін және құрылғысын, КЭС және ЖЭС электрлік жалғаным сұлбасын, осы сұлбалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін;
- меншікті мұқтаждық (бұдан әрі-ММ) механизмдерін электрмен жабдықтау сұлбаларын және оларға қойылатын талаптарды;
- ММ механизмдері электрқозғалтқыштарының өздігінен қосылуын;
- АТҚ, ЖТҚ, ЖТҚ типтерін;
- қорғасын-қышқылды аккумуляторлардың құрылғысын,
- аккумулятор батареяларының жұмыс режимін;
- аккумулятор батареяларын ұстау және пайдалану ережесін;
- реленің негізгі типтерін және құрылғысын, электр қозғалтқыштарын асқын жүктемеден релелік қорғау, сигнал беру түрлерін;
Іскерліктер:
- электр тогымен жарақаттанған адамға алғашқы көмек көрсету.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
АП 04Жылу электр станциялары және құбырлар.
Жылу электр станцияларының технологиялық сұлбасы; жылу және жалпы үнемділік көрсеткіштері; технологиялық сұлба элементтері және жылу электр станцияларының жылулық сұлбасы; жылу желілері және олардың элементтері; техникалық сумен қамтамасыз ету; ЖЭС басты жоспары және жабдықтарды құрастыру; газ-турбиналы, бугазды және атом электр станциялары.
Білімдер:
- энергетикалық қорлардың түрлері, отын, газ-ауа, бу-су өтетін жолдардың элементтерін, отын түрінің ЖЭС әсерін, жылу электр станцияларының жіктелуін және типтерін;
- станциялардың энергетикалық көрсеткіштерін анықтауды, ЖЭС ПӘК-не әсер етуші факторлар туралы;
- ЖЭС элементтерінің құрылымын, қосу сұлбасын, ЖЭС элементтерінің типтерін, құбырлардың мақсаты мен жіктелуін, құбырлардың элементтері мен арматурасын, ЖЭС үшін бу мен судың теңгерім формуласын, қыздырғыштарды, деаэраторларды, үздіксіз үрлеу кеңейткіштерін есептеу әдістемесін;
- ЖЭС жылуды кем өндіру коэффициенттерінің толық және принциптік сұлбаларын анықтауды;
- жылытуға, желдетуге, ыстық сумен жабдықтауға кететін жылуды анықтау, жылумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету жүйелерін, олардың жіктелуін, абоненттерді жылу желісіне қосу сұлбасын және жіктемесін, олардың сенімділігін арттыру жолдарын;
- ЖЭС техникалық суды тұтынуы, сумен жабдықтау көздері мен жүйесі туралы;
- сумен жабдықтау жүйелерінің тура және кері ағатын жүйелерін анықтау, градирня құрылымын;
- ЖЭС құрылысына арналған алаңды таңдауға қойылатын негізгі талаптар, жел бағытына байланысты басты жоспарда ғимараттар мен құрылыстардың орналасуын, конденсациялық станциялардың және жылу электр орталықтарының құрастырылуын.
Іскерліктер:
- сызбаларда жылу сұлбаларының элементтерін бейнелеу;
- станциялардың техника-экономикалық көрсеткіштерін, ЖЭС жалпы және таза ПӘК анықтауға есептер шығару;
- қыздырғыштардың, деаэраторлардың, үздіксіз үрлеу кеңейткіштерінің жылулық есебін орындау;
- құбыр диаметрін есептеу, құбырдың категориясы мен материалын таңдау;
- жылулық сұлбаны құру, жылу желілері температурасының графиктерін құру, жылу тұтынушыларға жылу тарату;
- берілген режимге сұлбаларға есептеу жүргізу;
- жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау шығындарын есептеу;
- салқындату еселігін, градирняны суландыру ауданын есептеу.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
АП 05Жылу техникалық өлшеу негіздері және жылу техникалық процестерді автоматтандыру.
Жылу техникалық өлшеулер мен метрология туралы жалпы мәліметтер; өлшеу түрлендіргіштері және қашықтықтан беру сұлбалары; температураны өлшеу; қысымды, қысым айырымдарын және разрядталуды өлшеу; сұйықтықтар мен сусымалы денелер мөлшерінің шығынын және деңгейін өлшеу; газдың, судың, будың құрамын өлшеу; ЖЭС шығарылуларды бақылау; жылу техникалық бақылау сұлбаларын арнайы өлшеу; басқару мен автоматтандырудың негізгі ұғымдары; реттеудің автоматтандырылған жүйелері; реттеудің автоматтандырылған жүйелерінің техникалық құралдары; барабанды және тура ағызатын бу қазандарын автоматтық реттеу; энергетикалық блокты және қосымша жабдықты автоматтандыру; логикалық басқару жүйелері және автоматтандырылған жылу электр станциялары.
Білімдер:
- технологиялық параметрлерді өлшейтін аспаптардың негізгі типтерін;
- негізгі технологиялық параметрлерді өлшеуге арналған аспаптардың қолданылуын;
- технологиялық параметрлерді өлшеуге арналған аспаптардың негізгі техникалық сипаттамаларын, артықшылықтары мен кемшіліктерін;
- басқару мен автоматтандырудың негізгі ұғымдарын;
- реттеудің автоматтандырылған жүйелерінің құрылымдық сұлбаларын;
- бу қазандарын автоматтық реттеу сұлбаларын;
- ЖЭС қосымша жабдығын автоматтандыру сұлбаларын;
- автоматтық жылу қорғаныстарын, олардың тағайындалуын.
Іскерліктер:
- ЖЭС реттеудің функционалдық сұлбаларын оқу;
- бу қазандарының, құбыр генераторларының және қосымша қондырғылардың жылулық қорғаныс сұлбаларын оқу;
- аспаптарды іске қосу;
- аспаптардың статикалық сипаттамаларын алу және талдау;
- температураны, қысымды, қысым айырымдарын және разрядталуды өлшеу, сұйықтықтар мен сусымалы денелер мөлшерінің шығынын есептеу және деңгейін өлшеу, газдың, судың, будың құрамын өлшеу.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
АП 06Жылу электр станцияларының суын дайындау және ағынды суын тазарту.
Табиғи су қоспалары және су сапасының технологиялық көрсеткіштері; суды сүзу және коагуляция арқылы тазарту; суды тұндыру арқылы тазарту; суды иондық алмасу әдісімен өңдеу; суды химиялық тұзсыздандыру; суды дайындаудың реагентсіз әдістері; су дайындау жүйелерін жобалау; жылу энергетикалық жабдықтың тоттануы және оның алдын алу әдістері; ЖЭС негізгі жолдарының жабдығы мен құбырларының беттерінде шөгінділердің түзілуі; шөгінділердің алдын-алу тәсілдері; будың ластануы және оның алдын-алу тәсілдері; барабанды және тура ағатын қазандардың су режимдері; конденсациялық-қоректік жолдың су режимі және конденсациялық тазарту; су режимінің, буландырғыштардың, жылу желілерінің және кері сумен жабдықтау жүйелерінің ерекшеліктері; жылу электр станцияларының ағынды сулары; су дайындау қондырғылары мен конденсация тазартқыштардың ағынды суын өңдеу; күлді сумен кетірудің ағынды суларын сусыздандыру; қазандардың қызу беттерін жуатын ағынды суларды тазарту; ағынды суды химиялық шайылудан және жабдықтарды бұзылудан сақтау; ағынды суларды мұнай өнімдерінен тазарту.
Білімдер:
- суды талдаудың технологиялық көрсеткіштерін; судың технологиялық белгілері бойынша жіктелуін;
- сүзу және коагуляция міндеттерін, жарықтандыру сүзгілерінің және жарықтандырғыштардың жұмыс қағидасы мен құрылымын;
- тұндыру әдістерін, суды содамен өңдеу кезінде қолданылатын реагенттерді және химиялық реакцияларды, құрастырылған сұлбаларды;
- ионитті сүзгілердің құрылымын, олардың тағайындалуын, қолданылу саласын;
- натрий катиондары, сутекті катиондар және сутекті натрий катиондары;
- анионитті сүзгілердің құрылғысы мен жұмысын, тұзсыздандыру сұлбаларын;
- деаэратордың, декарбонизатордың, диализатордың құрылғысын және жұмыс қағидасын;
- ЖЭС-та СДҚ жүйелерін жобалау тәртібін, сұлбаларды таңдау бойынша жалпы қағидаларды;
- бу-су жолы жабдығының және жылу желілерінің тоттануының алдын-алу бойынша іс-шараларды;
- шөгінді түрлерін, шөгінділердің алдын-алу тәсілдерін, қазандарды үздіксіз және кезеңді үрлеуді;
- будың ластануымен күресу тәсілдерін;
- су режимінің мәселелерін және ерекшеліктерін, қоректік, қазандық сулар мен будың сапа нормаларын;
- конденсацияны тазарту сұлбалары мен әдістерін;
- жабдықтың қыздыру беттерінде шөгінділердің түзілуін азайту іс-шараларын;
- жылу электр станцияларында су дайындау қондырғылары мен су режиміне химиялық бақылауды тағайындау және ұйымдастыруды, су мен будан сынама алу құрылғысын, будың, қоректік сапасын, қазандық судың автоматтық және химиялық бақылау аспаптарын;
- жылу электр станцияларының ағынды суларының сипаттамасын; зиянды заттарды шығау көздерін, шығарындыларды азайту бойынша іс-шараларды;
- бейтараптауға арналған
сұлбалар мен жабдықты; шығарындыларды азайту тәсілдерін; СДҚ ағынды сулардағы қоспалар құрамы мен шоғырлануын;
- ГҚЖ суларын өңдеу әдістерін;
- жуатын суларды тазарту сұлбаларын және азайту бойынша іс-шараларды;
- жабдықты химиялық жуу мен бұзылудан сақтау сұлбаларын және түзелетін шығарындылар мөлшерін азайту әдістерін;
- суларды мұнай өнімдерінен тазарту сұлбаларын, ағынды суларды тазарту сатыларын, мұнай ұстағыштың құрылымын, флотация түрлерін;
- технологиялық процестерде суға қоспалардың түсуін шектейтін іс-шаралар жиынтығын; суды қайта және кері пайдалануды.
Іскерліктер:
- коагуляция тиімділігін бағалау;
- әктас шығынын анықтау бойынша есептеулер жүргізу;
- ион алмасу сүзгілерін есептеу;
- нормативтік-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу;
- станция жабдығы мен негізгі жол үшін тоттанудың алдын-алу тәсілдерін таңдау;
- қыздыру беттерінде шөгінділердің түзілуінің алдын-алу тәсілдерін таңдау;
- бу қазандары үшін су-химиялық режимді таңдау;
- конденсациялық-қоректік жолдың су-химиялық режимін таңдау;
- шығатын су, буландырғыштарды қоректендіру, жылу желілері және сумен жабдықтаудың айналым жүйелері сапасының көрсеткіштері бойынша су-химиялық режимді таңдау;
- СДҚ ағынды суларының құрамы бойынша тазарту сұлбасын таңдау;
- күл-қожды сумен жою жүйесі және ағынды судағы қоспа құрамы бойынша ағынды суды өңдеу тәсілдерін таңдау;
- станциялардың типі мен қуатына тәуелді ондағы барлық ағынды суларға тазарту әдістерін таңдау және қолдану.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
АП 07Қазандық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету.
Қазандық және турбиналы цехқа қызмет көрсетуді ұйымдастыру және технологиялық көрсеткіштері; бу қазандарын қосу және тоқтату; жүктеменің жұмыс диапазонында қазандардың жұмысы; бу қазанына қызмет көрсету; қазандық қондырғылардың қосымша жабдығына қызмет көрсету; қазандық бөлімшенің жабдығын сынау және баптау; бу қазандары барабандарының қыздыру бетін жөндеу; оттық құрылғыларын, үрлеу аппараттарын, түтікті ауа қыздырғыштарды жөндеу; қаптау және оқшаулау жұмыстары; жинақтау бірліктерін жөндеу; тартып үрлейтін машиналарды жөндеу; регенеративті ауа қыздырғыштарды жөндеу; қоректік шаңның диірменін жөндеу; сорғыларды жөндеу; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Білімдер:
- қызмет көрсету және жөндеу міндеттерін; қызметкерлер құрамын; жұмыс орнын ұйымдастыруды; үнемділіктің және сенімділіктің негізгі көрсеткіштерін;
- жөндеудің ұйымдастырушылық іс-шараларын және құжаттамасын;
- гидравликалық сынақ, нығыздау өткізу әдістемесін;
- оттық құрылғыларын, үрлеу аппараттарын, құбырлы ауа қыздырғыштарды бөлшектеу және жинау тәртібін;
- қазандық агрегаттарда қолданылатын мойынтіректердің құрылымын;
- тартып-үрлеу машиналарын ашу және роторларды тасымалдау бойынша жасалатын операцияларды;
- ауа қыздырғыштардың құрылымын; олар арқылы заттардың өтуін;
- шаң жүйесі элементтерінің құрылымын;
- центрден тебетін сорғылардың құрылымын;
- арматураның түрлері мен құрылымын;
- қазандық агрегаттарды қаптау түрлерін;
- оқшаулау материалдарымен жұмыс істеу ережелерін;
- қазандық агрегаты жабдығының құрылымын, мақсатын және іске қосу сұлбаларын;
- жабдықтың жиынтығын;
- іске қосу кезінде қызметкердің әрекетін;
- қазанның әрбір элементінің құрылымын, міндетін және жұмыс шарттарын;
- қазандық агрегаттың және оның жабдығының техникалық параметрлері мен сипаттамаларын;
- шаң алу, газды сору, ауа жіберу және түтінді газды тазарту жабдықтарының құрылымын, сұлбасын және тағайындалуын;
- оттықтардың, жанарғылардың құрылымы мен міндеттерін; қыздыру бетерінің орналасуын; жұмыс режимін анықтайтын параметрлерді.
Іскерліктер:
- техникалық құжаттамен, басшылыққа алатын нормативтік құжаттармен жұмыс істеу;
- дайындау, операциялық, қорытынды, есеп беру құжаттамаларын құру;
- беттерді тазартумен байланысты слесарлық жұмыстарды орындау;
- элементтерге стендтік және жергілікті тексеру жүргізу;
- ақау ведомосін құру;
- ауа қыздырғыштардың ақауын анықтау;
- шарлы барабанды диірменнің, балғалы диірменнің ақауларын анықтау;
- сорғы элементерінің күйін тексеру;
- ұсынылған технологиялық және конструктивті сұлбалар бойынша қазанды іске қосу және тоқтату бағдарламасын құру;
- қазанның әртүрлі жүктемелерінде режимдік картаны пайдалану;
- дайындық жұмыстарының кестесін, жұмыс көлемінің ведомосін, жөндеудің сызықтық графигін құру;
- жабдықтардың бұзылуын анықтау;
- қазандар мен қосымша жабдықтар жұмысы режимінің бұзылу себептерін талдау.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
АП 08Турбиналы жабдықты жөндеу және қызмет көрсету.
Жүктемелердің жұмыс диапазонында турбиналарды іске қосу және тоқтату; бу турбиналарының май жүйелеріне, реттеу жүйелері мен қорғаныс жүйелеріне қызмет көрсету және баптау; конденсациялық құрылғыға, регенерация жүйелеріне, желілік қыздыру қондырғыларына, сорғы жабдықтарына қызмет көрсету және баптау; жылу алмастырғыштарды жөндеу; цилиндрдің статор бөлігін жөндеу; роторларды жөндеу; цилиндрдің статоры мен роторы арасындағы саңылауды қалпына келтіру; реттеу және маймен жабдықтау жүйелерін жөндеу.
Білімдер:
- қызметкерлер құрамын және олардың жұмысын ұйымдастыруды, құқықтары мен міндеттерін;
- турбиналы цехтың ұйымдастырушылық құрылымын, жұмыс орнын, жұмыс орындарының байланысын;
- жабдыққа техникалық қызмет көрсету ережелерін;
- корпус ақауларын, оларды жою әдістерін, диафрагма ақауларын; олардың бұзылуын жоюды, қауіпсіздік техникасы ережелерін;
- ротор ақауларын, оны түзеу әдістерін, центрлеу түрлерін, роторды жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін;
- тығыздау ақауларын, оларды жөндеуді;
- реттегіш құрылғыларын, қауіпсіздік автоматтарын, стопорлы және реттеу клапандарын, май жүйесін жөндеуді, жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын;
- блокты және блокты емес турбиналарды іске қосу және, тоқтатудың үш кезеңін;
- бу турбиналарының максималды және минималды жүктемелері туралы, ағынды бөлігін қабаттармен енгізу;
- турбина майлары қасиеттерінің нашарлау себептерін; турбина майының су қойнауларына түсуінің алдын-алуды;
- әрбір элементтің жұмыс принциптерін, әрбір элементтің жұмыстағы ақаулары мен істен шығуларын.
Іскерліктер:
- іске қосу және тоқтату нұсқаулығымен жұмыс істеу;
- бу турбиналарын жуу бағдарламаларын құру;
- турбиналардың, энергоблоктың жұмыс ведомосін толтыру.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
АП 09Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық жабдығын таңдау.
Турбинаны, қазандық агрегатты таңдау, конденсациялық қондырғыны таңдау; деаэрациялық қондырғы жабдығын таңдау; энергетикалық қазандардың қоректендіру түйіндерінің жабдығын таңдау; жылыту қондырғыларының жабдығын таңдау; жылу желілерін қоректендіру түйіні жабдығын таңдау; үздіксіз үрлеу кеңейткіштерінің, бактардың түйін жабдығын таңдау; станция отындарының сағаттық шығынын анықтау; тартып үрлеу құрылғыларын таңдау; отын беру жабдығын және сұлбасын таңдау; күл ұстау және қож жою сұлбалары мен жабдығын таңдау; түтін құбырларын есептеу және таңдау; техникалық сумен қамтамасыз ету жабдығын таңдау және іріктеу; қосымша суды дайындау сұлбаларын таңдау.
Білімдер:
- турбиналарды таңдау әдісін;
технологиялық жобалау нормаларының (ТЖН) талаптарын;
- энергетика қазандарын таңдау әдісін;
- ТЖН талаптарын және коденсаторларды, ауа сору құрылғыларын, конденсаттық сорғыларды таңдау әдісін;
- ТЖН талаптарын және қыздырғыштар мен құю сорғыларын таңдау әдісін;
- ТЖН талаптарын және барлық типті деаэраторларды, қоректендіру сұлбаларын, құю сорғыларын таңдау әдісін;
- ТЖН талаптарын және жылыту түйіндерін есептеу әдісін;
- қоректендіру түйіні жабдығын, ашық және жабық жылу желілерін таңдау әдісін;
- энергетикалық қазанға және ШСҚ-ға отынның тәуліктік, сағаттық шығын есептеу формуласын және тәртібін;
- түтінді газдардың және суық ауаның шығынын есептеу әдістемесін;
- тура үрлеумен және аралық бункермен шаң дайындау жабдығының жұмыс принципін және құрылымын;
- отын беру жабдығының жұмыс қағидасы мен құрылымын;
- күлқож жою жабдығының жұмыс қағидасы мен конструкциясын;
- ең жоғарғы бір реттік және орта тәуліктік ШРК анықтау.
Іскерліктер:
- ЖЭС жүктемелеріне байланысты турбиналардың және олардың типтерінің қажетті санын анықтау;
- анықтамалық әдебиетпен жұмыс;
- конденсациялық қондырғы, регенеративті қыздырғыштар мен құю сорғылары, деаэраторлар, қоректік сорғылар, регенеративті қыздырғыштардан құю сорғылары жабдықтарының санын және типін анықтау;
- қоректік деаэраторлары мен ауыстырып құю сорғыларының саны мен типін таңдау;
- тораптық су шығынын анықтау, қоректендіру сұлбасын таңдау;
- ашық және жабық жылу желілері үшін қоректік су шығынын анықтау;
- жабдық типі мен санын анықтау;
- қазанға отын шығынын анықтау;
- түтін сорғылар мен желдеткіштердің типі мен санын таңдау;
- шаң дайындау жабдығының саны мен типін анықтау;
- отын беру және тамызықтық отын шаруашылығының жабдықтарын таңдау;
- күлқож жою жабдығының саны мен типін таңдау;
- анықтамалық әдебиетпен жұмыс;
- жабдық: деаэраторлар, сорғылар, су қоры бактары таңбаларын ашып оқу;
- шаң және дымқыл көмір бункерлері көлемін есептеу;
- түтін құбырының биіктігі мен аузынның стандартты шамаларын анықтау.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
АП 10Сала экономикасы.
Нарықтық қатынас жүйесіндегі сала кәсіпорыны; менеджмент; басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері; маркетинг; энергетика кәсіпорнының өндірістік қорлары; энергетика кәсіпорындарының күрделі қаржы жұмсалымы күрделі құрылыстары; негізгі және қосымша өндірісті ұйымдастыру; еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру; энергетика кәсіпорындарындағы техникалық нормалау негіздері; еңбек өнімділігі; энергетика кәсіпорындағы еңбекақы төлемін ұйымдастыру; нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасының салық жүйесі; кәсіпорынның қаржылық қызметін банктік реттеу; энергетика кәсіпорындарында жоспарлауды ұйымдастыру; энергетика кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызметін есепке алу және талдау негіздері.
Білімдер:
- энергетика кәсіпорындары мен олардың құрылымдарын басқару негіздерін;
- кәсіпорын құрамын, мүлік қозғалысын және есепке алуды;
- ұйымдастыру және еңбекақы саласында кәсіпорынды басқаруға экономикалық механизмінің ықпалын;
- өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарындағы есепке алуды және есеп беруді;
- энергетика кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негіздерін.
Іскерліктер:
- техника-экономикалық негіздеме және жұмыс жобаларының сметалық құжаттарын құру үшін экономикалық есептеулер жүргізу.
БҚ 5,9
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
АП 11Еңбекті қорғау.
Еңбекті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнама негіздері; жазатайым жағдайлар талдамасы; қызметкермен қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қызметкердің құқықтары мен міндеттері; аймаққа, жайларға, жұмыс орындарына, жабдықтарға, құралдарға, айлабұйымдарға, биіктікте, жер асты құрылыстарында, резервуарларда, жылу алмастыру аппаратарында, құбырларда жұмыс істеу кезіндегі, айналмалы механизмдерді пайдалану және жөндеу кезінде, жер жұмыстарын атқарғанда, жылу оқшаулау және қаптау жұмыстарын жүргізуде қойылатын қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі талаптары; электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі негіздері; улану, күю және басқа да жарақаттар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек; отын-көлік цехы, шаң дайындау, қазандық, турбина, күл-қож жою, химиялық цехтардың, жылу желілерінің жабдықтарын пайдалану және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Білімдер:
- жұмыс орнын, жұмыс аймағын анықтауды;
- жабдықты куәландыру тәртібін;
- құралды пайдалану ережелерін;
- ауыр жабдықтарды қолмен тасымалдау нормаларын;
- механизмдер мен айлабұйымдарды куәландыру және сынау мерзімдерін;
- жұмыс істеушілер арасындағы хабарласу сигналдарын, қорғаныс құралдарын;
- ыдыстардың, құбырлардың түрлері мен категорияларын, тіркеу мерзімін, құбырларды куәландыруды, сырлауды, құбырлардағы жазуларды;
- гидравликалық сынау өткізу тәртібін;
- жер, жылу оқшаулау және қаптау жұмыстарын орындау ережелерін;
- жер, жылу оқшаулау және қаптау жұмыстары кезіндегі жеке қорғаныс құралдарын;
- электрмен жарақаттану түрлерін; электр тогымен жарақаттанудан қорғанудың негізгі шараларын;
- өрт қауіпті жайлардың жіктелуін; өртке қарсы қорғаныс шараларын;
- өрт сөндіргіштердің құрылымдарын;
- күю, улану түрлерін.
Іскерліктер:
- электр тогымен жарақаттану кезінде алғашқы көмек көрсету;
- қан кету, күю, жылу соққысын алу кезінде алғашқы көмек көрсету.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3

 

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ӨО 01Оқу практикасы.
Материалдарды слесарлы-механикалық өңдеу; қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария; технологиялық өлшеу негіздері; жазықтықтық таңбалау; материалдарды қию; металдарды кесу; дайындамаларды түзету және ию; егеу; бұрғылау және үңгілеу; бұранда кесу; бастыру; бедерлеу; сүрту; мойынтіректерді қалайылау және құю; электрмен дәнекерлеу; қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік санитария; электрмен имектеп пісіру тәсілдері; аппаратуралар және құрылғылар; жонғыш және фрезер білдегінде материалдарды өңдеу.
Іскерліктер:
- бақылау-өлшеу аспаптарын; слесарлық жұмыстарды жүргізуге арналған құралдарды пайдалану;
- қиюды, кесуді, түзету, июді, бастыруды, бедерлеуді, бұрғылауды орындау;
- металдарды және өзге де конструкциялық материалдарды слесарлық өңдеудің негізгі тәсілдерін қолдану;
- металл кесетін білдектерде жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін қолдану.
Дағдылар:
- слесарлық құралдармен жұмыс жасау.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
ӨО 02Оқу-өндірістік практика.
Жылу техникалық жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу; такелаждық жұмыстар; жөндеу-монтаждық жұмыстар; жаншып жалғау; бөлшек шеттерін дәнекерлеуге дайындау; құбырлардың фасонды бөліктерін жасау; төсемдерді дайындау; бекітпелерді алу және орнату; арматураларды жөндеу: ілмекті, реттегіш, сақтандырғыш; шұраларды жөндеу; нығыздағыш компенсаторларды, механикалық түйіндерді, ілінісу муфталарын, мойынтірек түйіндерін, болтты және бұрандамалы жалғамаларды, тойтарма жалғамаларды, ыдыстарды жөндеу; кешендік жұмыстар: гидротурбиналарды жөндеу; құбырлар мен құбырлы арматураларды жөндеу; жылу техникалық жабдықты жөндеу.
Іскерліктер:
- бақылау-өлшеу аспаптарын, слесарлық жұмыстарды жүргізу құралдарын пайдалану;
- төсемдерді, бекітпелерді дайындау;
- біліктілікке сәйкес жылу механикалық жабдықтарға жөндеу жүргізу;
- улану, күю, жылу соққысы және өзге де жарақаттар алғанда алғашқы көмек көрсету;
- тиеу-түсіру жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларын пайдалану.
Дағдылар:
- слесарлық құралмен жұмыс істеу;
- теориялық білімдерін практикада қолдану;
- бригадада жұмыс істеу.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КП 03Технологиялық практика.
Оқушы лауазымында жылу энергетикалық жабдыққа технологиялық қызмет көрсетумен және жөндеумен байланысты нақты жұмыс орындарындағы жұмыс; аталған мамандық бойынша еңбектің озық әдістері мен жұмыс өндірісінің тәсілдерін, материалдарды, жылу және электр энергиясын, қосымша бөлшектерді үнемді жұмсау тәсілдерін үйрену; еңбек өнімділігін, жабдықтың тозуға төзімділігін арттыру жолдарын зерттеу; жылу энергетикалық жабдықты жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге құжаттаманы рәсімдеу; материалдарды қорыту және оларды рәсімдеу.
Іскерліктер:
- учаскеде жұмыс күнін жоспарлау;
- жұмыс жүргізуге наряд рәсімдеу;
- жұмыс орнында нұсқаулық өткізу;
- пайдалану және жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттаманы рәсімдеу;
- оқушы лауазымында жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жүргізу.
Дағдылар:
- жабдықты жөндеу бойынша техникалық құжаттамамен жұмыс істеу;
- лауазымдық нұсқаулықтармен жұмыс істеу;
- бригадада жұмыс.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КП 04Диплом алдындағы практика.
Техникалық кәсіптік білімі бар мамандарға жүктелетін функциялар шеңберінде жеке өндірістік буынды басқару дағдыларын дамыту; жұмыс процесінде кәсіпорынның жылу техникалық жабдыққа, автоматтық бақылау аппаратурасына, реттеу және басқару аппаратураларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі энергетикалық қызмет шеберінің жұмыстарын тікелей зерделеу; кәсіпорынның, энергетикалық қызметтердің, жөндеу цехтарының, монтаждау ұйымдарының жалпы құрылымымен танысу; таңдап алған мамандығы бойынша ұйымдастырушылық жұмыс дағдыларын игеру; дипломдық жобалауға бастапақы материалды жинау.
Іскерліктер:
- өндірістік учаске жұмысын талдау;
- ЖЭС барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын талдау;
- техникалық құжаттамамен танысу, дипломдық жобалау тақырыбын таңдау және дипломдық жобалауға бастапқы материалды жинау.
Дағдылар:
- техникалық құжаттамамен жұмыс;
- жеке өндірістік буынды басқару;
- жұмыс орнында нұсқаулық өткізу.
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3

 

1-кесте Базалық құзыреттер

Құзырет кодыБазалық құзыреттер
БҚ 1Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;
БҚ 2Кәсіптік жағдайға жүйелі әрекет ету, өзінің іс-әрекетін талдау, жобалау, белгісіздік жағдайында өз бетімен әрекет етуге қабілетті болу;
БҚ 3Кәсіптік қызметі саласында орындалатын жұмысқа жауапкершілік таныту, мәселелерді өз бетімен және тиімді шешу;
БҚ 4Құқықтық норма негізінде кәсіптік қызметті ұйымдастыруда практикалық міндеттерді шешу, кәсіптік лексиканы меңгеру;
БҚ 5Өз еңбегін ғылыми ұйымдастыру, кәсіптік қызметі саласында компьютерлік техниканы қолдану;
БҚ 6Әріптестермен жағымды қарым-қатынас жасау және ынтымақтаста болу;
БҚ 7Кәсіптік деңгейін жоғарлату, жаңа білімдерді иегеру;
БҚ 8Өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі шығармашылық жетілдіруге нық талпыну;
БҚ 9Тиімді жұмыс тәсілдерін және жұмыс орнында еңбегін ұйымдастыру тәсілін қолдану;
БҚ 10Материалды үнемді шығандау, жабдықтар мен құрал-саймандарды ұқыпты ұстау.