Біліктілік арттыру

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледж оқытушыларының біліктілік арттыруы

Сапалы білім, бәсекеге қабілетті маман – Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының негізгі алғы шарттарына сәйкес, колледж педагогикалық ұжымының мақсаты – техникалық және кәсіби білім жүйесін жаңғырту, халықаралық талаптарға сәйкес әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.
Колледж педагогикалық ұжымы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық кадрлары мен басшыларына арналған біліктілікті арттыру курстарына қатысып, белсенділік танытады. 2016-2017 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының және «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кәсіптік білім беру орталығының курстарынан  114 оқытушы біліктілігін арттырды.
2017 жылдың 4-28 қазан аралығында колледждің 75 қызметкері мен оқытушылары ОҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталық» АҚ-да біліктіліктерін арттырды.

 

«Біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық стратегиялары жетістіктер шыңы» тақырыбындағы семинар

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамында өткізілген курста ф.ғ.к. «Білім және сапа» кафедрасының меңгерушісі Медетбекова Меруерт Асқарбекқызының басқаруымен 2017 жылдың 13 қазанында Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің қызметкерлері және оқытушыларымен бірлесе отырып, облыстық  «Біліктілікті арттыру жүйесінің инновациялық стратегиялары жетістіктер шыңы» атты тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында «Әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасының оқытушысы Полатова Алия Дүйсенбайқызы философия негіздері пәні бойынша «Таным теориясы» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті. Сонымен бірге, семинарда «Әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасының оқытушысы Пірназарова Кулдана Самениязқызы «Дуальдық оқыту жүйесінің элементтерін кәсіптік білім беруде ендірілуі» тақырыбында баяндамасын оқып түсіндірді.

 

«Біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық стратегиялары – даму кепілі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына 5 жыл толуына орай 2017 жылдың қазан айының 18 жұлдызында «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық стратегиялары – даму кепілі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің оқытушылары қатысты, колледж әдіскері Балабекова Дана Амановна «Управление знаниями» тақырыбында слайд-презентация шолуымен өзінің баяндамасын оқыды.