Біліктілік: 130609 3 – Байланыс технигі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 658-қосымша

«Радиоэлектроника және байланыс (1306093 біліктілігі бойынша)» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

Кәсіптік практика және циклдер бойынша білім беретін бағдарламалар мазмұны (9 сынып негізінде)

Жалпы гуманитарлық пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ЖГП 01Кәсіби қазақ тілі
Кәсіптік қазақ тілінде нені үйренеді:кәсіби сөздердің мағынасын аша білуді, қазақ тілінде электро байланыс құрал-саймандардың атауларын, экономикаға қатысты сөздердің баламасын, септелуін, тәуелденуін, өмірге қауіп туғызатын құралдардың қолдану ретін
Білімдер:
Қазақ тілінің толық материалын меңгеріп, жазбаша және ауызша мәтіндерді меңгеру, кәсібіне қатысты термин сөздерді қажет кезеңінде іс жүзінде пайдалануды және ауыз екі тілде түсінгенін айтуды, өз көзқарасын тиянақты қорғауды, термин сөздердің ұғымын
Іскерліктер:
Қойылған сұрақты түсініп жауап беруді, қарым-қатынаста кәсібіне қатысты құралдарды пайдалануды, өз атына немесе өзгелер атына өтініш жазуды, іс қағаздарымен жұмыс жасауды, тәжірибе барысында кәсіптік терминдерді дұрыс айта алуы.
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
ЖГП 01Кәсіби орыс тілі
Кәсіптік орыс тілінің объектісі ол негізгі грамматика, арнайы лексикалық бірліктер кәсіптік облыс ортасында (терминдер-түсініктер) орыс тілі лексикасында жалпы қолданылатынын білдіреді
Білімдер:
- Жазбаша және ауызша тексттерді меңгеру;
- грамматикалық тіл моделдерін бекіту;
Іскерліктер:
Болашақ мамандардың кәсіптік лексикасын меңгеруді, кәсіптік тексттерді білім жүйесіне айналдыру
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
ЖГП 02Кәсіби шетел тілі
Кәсiби ағылшын тiлiн үйрену барысында студенттерді тыңдап, оқып отырып, таңдаулы мамандыққа сәйкес қарым-қатынас жасауды үйрету. Кәсiби ағылшын тiлiнiң мақсаты халықаралық мәдениеттi коммуникацияның дағдыларын кәсiби салада дамыту болып табылады.
Білімдер:
Жаңа лексикалық бірліктерді қолдану мағынасы мен мүмкіншіліктері
Іскерліктер:
Мәтіндердің толық мағынасын қамти отырып техникалық мәтіндермен жұмыс істеу, техникалық әдебиеттерге тән спецификалық спецификалық лексико-грамматикалық мәтіндерді аудара білу
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
ЖГП 03Қазақстан тарихы
“Қазақстан тарихы” пәні. Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылысты, орта ғасырдағы ерте және кейінгі түрік мемлекеттерін, Қазақстанның моңғол дәіріндегі саяси, экономикалық және мәдени дамуын, Қазақ хандығының құрылуын және дамуын, Ресей империясының отаршылдық саясатын, республиканың Кеңес өкіметі кезіндегі дамуын, Қазақстанның тәуелсіздік алуын, нарық экономикасының дамуын, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ролін зерттейді.
Білімдер:
Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы;
орта ғасырдағы қағанаттардың феодалдық өзара күресі;
моңғол үстемдігі кезіндегі Қазақстанның саяси,экономикалық және мәдени дамуы;
Ресей империясының Қазақстандағы үстемдігі;
республика дамуындағы социалистік кезең;
ҚР-ның тәуелсіздігін жариялау;
тәуелсіз Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы;
Қазақстан халықаралық қауымдастықта;
Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы;
орта ғасырдағы қағанаттардың феодалдық өзара күресі;
моңғол үстемдігі кезіндегі Қазақстанның саяси,экономикалық және мәдени дамуы;
Ресей империясының Қазақстандағы үстемдігі;
республика дамуындағы социалистік кезең;
ҚР-ның тәуелсіздігін жариялау;
тәуелсіз Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы;
Қазақстан халықаралық қауымдастықта;
Іскерліктер:
- негізгі құралдар мен әдістерді қолдана отырып тарихи ақпараттарды жинау және талдау;
- Қазақстанға жалпы сипаттама құру;
- қоғамдық-экономикалық формациялардың хронологиясын бөле білу;
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
ЖГП 04Дене тәрбиесі
Дене шынықтырудың мақсаты, дене шынықтыру мәдениеті мен жеке тұлғаның қабілетін дене шынықтыру және спорттың әр түрлі бағыттағы қажетті құралдарын пайдалана отырып, денсаулығын сақтау, психофизикалық және өзін-өзі дайындау болашақ кәсіби қызметке қалыптастыру болады.
Дене шынықтыру тәрбиесі мен салауатты өмір сүру негізі, өзін-зі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеудің негізі болып саналады.
Білімдер:
Психофизикалық білімдерінің дамуын, Кәсіптік-қолданбалы дағдыларын тәрбиелеу
Іскерліктер:
Физикалық қасиеттерінің дамуын: жылдамдығын, күшін, шыдамдылығын және икемділігін.
БҚ1
БҚ2
БҚ3
БҚ4
БҚ5
БҚ6
БҚ7

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ӘЭП 01Мәдениеттану
Мәдени дамудың түрлі формаларын, олардың өзара байланысы иен тәуелділігін,мәдени-тарихи процестердегі өзгерістерді болжауды, мәдени ережелердің даму мен қызметінің мәнін, заңдарын және олардың пайда болу көзін, сақталуын оқып үйретеді.
Білімдер:
- әртүрлі философиялық концепцияларда мәдениеттің мәнін, жан-жақты ұғымдарын;
- мәдениет процесіндегі мәселелер интеграциясы мен әлемдік мәдениеттің жан-жақты формалары туралы;
Іскерліктер:
- қоғамдағы процестер мен мәдениет құбылыстарының өзгеруі және дамуы туралы жалпы ұғымды қалыптастыру және сараптау.
БҚ1
БҚ3
БҚ4
ӘЭП 02Философия негіздері
пәні адамды қоршаған әлем жөнінде, сол әлемдегі, қоғамдағы адамның орны және ойлау заңдары туралы тұтас және жан-жақты түсінік береді. Ойлау заңдарын білу арқылы оқушылар жалпы даму мен өзаратәуелділік деңгейінде категориялармен ойлау қабілетіне ие болады. Пәнді оқыту мақсаты – адамзат өркениетіндегі тарихи-философиялық процесс жөніндегі білімді және шынайы көзқарас бағытын қалыптастыру.
Білімдер:
- негізгі түсініктер мен категорияларды
- ғылымның дамуының, сонымен қатар қоғам мен ойлау заңдылықтары мен заңдарын;
- философияның негізгі тармақтарын.
Іскерліктер:
Қоғам, табиғат және адам қарым-қатынасында шығармашылық ойлауды және ойлау өрісін одан әрі дамытуды.
БҚ1
БҚ3
БҚ4
ӘЭП 03Әлеуметтану және саясаттану негіздері
Пәні қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси-әлеуметтік өзара байланыстың орны мен ролін оқытады.
Пәнді оқыту мақсаты – қазіргі дүниедегі саясаттың, қолданбалы әлеуметтанудың орны мен ролі жөнінде тұтас түсінікті қалыптастырады. Негізгі идеялар, концепциялар туралы білімді, әлеуметтік-саяси қызметтің әдістері мен жолдарын, әлемде, әсіресе ұлтаралық және халықаралық деңгейде болып жатқан оқиғаларды талдауды, болжауды қалыптастыру қажет.
Білімдер:
- негізгі ұғымдар мен категорияларды
- әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы саясат процестерінің даму тенденцияларын.
Іскерліктер:
- қазіргі заманда болып жатқан саясат оқиғаларына баға беруді және сараптауды.
БҚ1
БҚ3
БҚ4
ӘЭП 04Экономика негіздері
экономикалық қатынастардың қалыптасуы, шаруашылықты жүргізу принциптері мен формалары, экономикалық процесстер мен құбылыстардың даму заңдары мен заңдылықтарына байланысты мәселелерді оқып үйретеді.
Білімдер:
- өндіріс туралы экономикалық қатынастар жүйесі туралы құбылыстар мен экономикалық процестердің даму заңдылықтары туралы, өндірістің сұранысын арттыруға бағытталған материалдық қорларды тиімді қолдануды, ауыстыруды және үлестіруді
Іскерліктер:
- экономикалық процестермен құбылыстарды салыстыру сараптамасын жасауды, сонымен қатар олардың дамуы мен өзгерісінің барысын қорытындылауды.
БҚ1
БҚ3
БҚ4
ӘЭП 05Құқық негіздері
- пәні оқушылардың мемлекет және құқық жайлы негізгі түсініктермен, қоғам дамуының заңдарымен, қазіргі таңдағы заңның мағынасы мен мәнімен танысуын талап етеді. Пән ҚР мемлекет үкіметінің жүйесін, мемлекет және құқықтың пайда болуын, құқықтың функциялары мен принциптерін, құқықтық түсініктің және құқықтық мәдениеттің қоғамдағы ролін баяндайды.
Білімдер:
Құқық және мемлекеттік теория негіздері; конституциялық құқығының түсіктерімен принциптерін, еңбек құқығының, азаматтық құқығын, қылмыстық құқығын, жанұйя құқығын, экология құқығын; мемлекет пен құқықтың өзарақатынастығы және өзара байланысы ҚР Конституциясы және құқық мәртебесі ҚР адам мен азаматығы, әділсоттың түсініктері мен принциптері, Қазақстанның сот органдарының жүйесі; правовой статус ҚР Президентінің әділ соты және ҚР үкіметінің міндетті, ҚР Парламенті; ҚР салық салу негіздері
Іскерліктер:
Қоғам және құқытың өзара қатынасы; әртүрлі құқық саласын мінездеу; нормативтік құқық актілерін талдау; күнделікті өмірде заңгерлік біліммен дұрыс қолдану
БҚ1
БҚ3
БҚ4

Жалпы кәсіптік пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
ЖКП 01Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні құжаттау және құжатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды нормативті-әдістемелік құжаттарды, құжаттардың рәсімделу ережелерін, құжаттың жеке құрамдас бөлігін, құжаттардың мазмұнына қарай түрлерін, құжат айналымын оқытады.
Білімдер:
Іс жүргізу саласындағы терминологияны екі тілде білу;
Пәннің мақсаты мен міндеттері;
Құжат және хат-хабар ұғымын; Құжаттрады құрастыру және рәсімдеудің жалпы ережелерін;
Құжат аналымы тәртібін.
Іскерліктер:
Өзінің кәсіби қызметі бойынша негізгі құжаттарды құрастыруын;
Компьютер техникасын пайдалана отырып құжаттармен жұмыс істей білуін.
БҚ4
ЖКП 02Техникалық сызу
ЕСКД негізгі стандарттарының талаптарына сай сызбаларды орындаудың негізігі ережелерін және геометриялық тұрғызулардың негізігі әдістерін;
- бір, екі және үш өзара перпендикуляр жазықтықтарға проекциялаудың негізін, күрделі емес аксонометриялық кескіндерді салуды,
- қималарды салу мен белгілеудің негізгі ережелерін және олардың мақсаттарын;
- қарапайым және күрделі тіліктерді салу мен белгілеудің негізгі ережелерін;
- резьбаны сызудағы шарттылықтар және оның белгіленуін;
- түрлендірілген геометриялых денелердің жазбасын салуды;
- схемалар және олардың орындалуын.
Білімдер:
құрылымдық, электрлік және принципиальдық схемаларды орындау ережелерін; ГОСТ-ларды; курстық және дипломдық жұмыстардың түсініктеме жазбасын құрастыруды;
Іскерліктер:
техникалық сызуларды дайндауды; техникалық бөлшектер контурын сызуды; сызудың жалпы түрін орындауды; ГОСТ сақтай отырып электрлік, принципиалдық схемаларын сызуын орындауды.
БҚ1
БҚ5
ЖКП 03Информатика
ЭВМ жіктеу. Офистік бағдарламалар. Бағдарлама тілдері. Power Point көрсету.
Компьютер оның жүйесі. Операциялық жүйе. Паскаль тіліндегі бағдарлама. Графикалық функция. Компьютерліквирустар, қорғау тәсілдері, тазалау. Таблицалық процессор Excel. Презентация. Компьютерлік желі. Интернет желісі. Delphi тілінде бағдарламалау.
CorelDraw, PhotoShop, CorelPhotoPaint.
Білімдер:
Интернет. Жергілікті желі; HTML; Delphi; Visualbasic; Pascal; мекеме бағдарламалары
Іскерліктер:
- электрондық пошта құруды (e-mail); бағдарламалау тілдерін қолдануды; мекеме бағдарламалары тәжірибе жүзінде қолдануды.
БҚ1
БҚ5
БҚ3
ЖКП 04Электрлік тізбек теориясы
Пәнінің негізгі мақсаты оқушыларға электр тізбектерінің параметрлерін талдау және синтездеу әдістерін, электр тізбектерін есептеу жолдарын үйрету, ақпараттық коммуникациялық технологияның негізін құрайтын құрылғылардың электр тізбегінің электрмагниттік өрісіне түсініктеме беру.
Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады:
электр тізбектерін теориялық және эксперименттік зерттеудің құрылғылары мен әдістері;
гармоникалық тербеліс режиміндегі электр тізбегін талдау әдістері;
электр тізбегінің жиіліктік сипаттамалары;
гармоникалық емес тербеліс режиміндегі электр тізбегін талдау әдістері;
төртполюстік теориясы және параметрлері таратылған тізбек негіздері;
электр сүзгілерінің теория негіздері.
Білімдер:
- тізбек теорияларының негізгі түсініктерін, электр өрісін, ток, кернеу, энергия, қуат параметрлерін;
- тізбек теорияларының заңдарын: Кирхгоф заңын, Ом заңын, қуаттар тепе-теңдігін;
- электромагниттік индукцияны:
Ленц ережесін.
Іскерліктер:
қарапайым және күрделі электр тізбектерінің есептеулерін орындауды; Ленц ережесін қолдануды; сүзгінің амплитудалы-жиіліктік сипаттамасын құруды.
БҚ1
БҚ2
БҚ4
БҚ5
БҚ6
КҚ6
ЖКП 05Радиотехника және антенналар негіздері
Осы пән радиобайланысты ұйымдастыру, ақпаратты электр сигналмен таратудың негізгі принциптерін, электр және радиосигналдардың негізгі сипаттамаларын, байланыс техникасында қолданатын процесстер, шоғырланған және таратылған параметрлі тізбектердегі процесстермен олардың есептеуі, сонымен қатар антенналар, олардың түрлері және параметрлері карастырылады.
Білімдер:
- радиотехникалық сигналдардың түрлерін және спектрлерін;
- модуляция түрлерін, жиілікті кодтау және түрлендіру принциптерін, демодуляциялауды;
Іскерліктер:
- күрделі сигналдар спектрін есептеуді және құруды
- байланыс каналынының өткізу қабілеттілігін есептеуді
- линияның бірінші және екінші реттік параметрлерін есептеуді.
КҚ3.10.2
КҚ3.10.3
ЖКП 06Электроника және схематехника негіздері
Осы тәртіп жартылай өткізгіштіктік құралдарда және интегралды микросхемаларда болатын физикалық құбылыстардың маңызын, құралдарда зарядталған бөлшектердің ағынын басқару тәсілдерінің, құралдардың басқару мінездемелерін, ерекшеліктерін, таңбалауын қарастырады. Сонымен қатар күшейту принципті, негізгі параметрлерлері, сипаттамалары және құрылымдық схемалары, күшейткіштерді құру жалпы принциптары және талдауы оқытылады.
Білімдер:
- электрондық құралдар мен микросхемалардың жіктелуін;
- негізгі сипаттамаларын және параметрлерін;
- оптоэлектрондық құралдар мен интегралдық схемалардың, жартылайөткізгіштердің жұмыс принциптерін;
Іскерліктер:
- диодтардың, биполярлық және өрістік транзисторлардың есептеулерін орындауды;
- жартылайөткізгіш құралдардың модельдерін анықтауды;
- электрондық күшейткіштердің құрылымдық және принципиалдық схемаларын құруды.
КҚ3.11.2
КҚ3.11.3
КҚ3.10.2
КҚ3.10.3
ЖКП 07Метрология, стандарттау және сертификаттау
Метрология, стандарттау және сертификаттау" пәні метрология, стандарттау және сертификаттау негіздерін, өлшеудің әдістерін және тәсілдерін, өлшегіш құралдар мен қондырғылардың қажеттілік схемаларын, стандарттау және сертификаттау түрлері бойынша құжаттар нормативы қарастырады.
Білімдер:
- электрлікөлшеу және радиоөлшеу құралдарының жұмыс принципін;
- радиотехникалық өлшеулердің негізгі әдістерін;
- радиоөлшеу құралдарының жіктелуін, ерекшеліктерін және қолданылуын;
Іскерліктер:
- радиоөлшеу құралдарын қолдануды, тестер, вольтметр, осциллограф, генератор құралдарымен өлшеу жұмыстарын орындау
БҚ1
БҚ2
ЖКП 08Сандық қондырғылар және микропроцессорлық жүйелер
СҚ және МПЖ байланыстехникада қолдану. Сандық сигналдардың импульстік және потенциалдық түрлері. Сандық қондырғылар туралы түсінік.Логикалық элементтер. Топтауы. Микросхемалар, белгілеу жүйесі. ТТЛ, ТТЛШ, МОП, ЭСЛ, НОПТШ құрамы бар микросхемалар. КСҚ синтезі. Логикалық деңгейлердің түрлендіргіштері. Шифраторлар. Дешифраторлар. Мультиплексорлар. Демультиплексорлар. Қосындылағыштар. Алу қондырғылар. Сандық компараторлар. АЛУ. Жүпті бақылау схемалар. Интегралдық триггерлер. Регистрлер. Есептегіштер. Таратушылар. АЦП. ЦАП. Дискретизациялау. Кванттау. Кодтау. Схемалық логикасы бар басқару жүйелер. Микропроцессорлар.
Білімдер:
- Микропроцессорлық жүйелердің құрастыруының және жұмыс істеуінің негізгі принциптері; логикалық элементтердің мәркіленуі және микросхемалардың құрылымы.
Іскерліктер:
- логикалық элементтердің көмегіменсандық қондырғылардың синтезін орындау; анықтама әдебиет бойынша сандық қондырғының жұмысын талдаумикропроцессорлық жүйелердің мәркіленуін түсіндіру; қарапайым бағдалоаманы құрастыру.
БҚ1
БҚ2
БҚ4
БҚ5
ЖКП 09Еңбек қорғау
Еңбекті қорғау пәні еңбек заңнамасының негізін, еңбекті қорғау жөніндегі негізгі сұрақтарды, өндірістік санитария, қаупсіздік техника, өндірістегі өрт- және электрқауіпсіздік техникасын оқыйды, қолданыстағы ережелер, нұсқаулар, ГОСТ және қауіпсіздік техника талаптарымен таныстырады.
Білімдер:
- электрқауіпсіздік негіздерін;
- өндірістік тазалық және өрт қауіпсіздігін;
Іскерліктер:
- өндірістік жағдайдағы еңбекті қорғау заңдарын қолдануды;
- негізгі және қосымша диэлектрлік құралдарды қолдануды.
БҚ1
БҚ2
БҚ6
ЖКП 10Байланыс мекемелері экономикасы және кәсіпкерлік негіздері
Байланыс кәсіпорындарының экономикасы және кәсіпкерлік қызмет негіздері. Байланыс саласының экономикалық ерекшеліктерін, байланыс кәсіпорындарының қызмет ету мақсаттарын көрсетуге бағытталған пән. Қызметтің қаржылық нәтижелерін және жалақы мен еңбек көрсеткіштерін, өндірістік қорлардың құрамын және өндірістік қызметтің жоспарлаудың мәні.
Білімдер:
- еңбек өнімділігінің еңбек ақысына және жұмысшы санына әсері;
- өндірістік еңбекті ұйымдастыруды және басқаруды;
Іскерліктер:
- өнім тиімділігін талдауды;
- жоспарды орындау пайызын анықтауды;
- кіріс, шығын, пайда көру динамикасын есептеуді.
БҚ1
БҚ2
БҚ5
БҚ6
ЖКП 11Байланыс құрылғыларын электрмен қоректендіру
- пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы байланыс мекемелерінде қолданылатын кернеу түрлендіргіштерін, стабилизаторларды, үздіксіз электрмен қоректендіру қондырғыларын, тоқ таратқыш желілері мен қондырғыларын, электр энергиясының химиялық шығу көздері мен түзеткіш қондырғыларын оқытуды қарастырады.
Білімдер:
- байланыс мекемелерінің электрмен қоретендіру қондырғыларының түрлерін;
- электр энеогия көздерінің түрлерін;
- трансформаторлар жіктелуін;
Іскерліктер:
- стабилизаторлардың п.ә.к. анықтауды;
- ВУК, ВУТ, ВУЛС құрылғыларына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауды;
- түзеткіштердің есептеулерін орындауды;
- электрлік қоректендіру құрылғыларына есептеу жүргізуді.
БҚ1
БҚ2
БҚ5
БҚ6

Арнайы пәндер

Циклдің (пәннің) индексіПәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдеріҚалыптасатын білімдер, біліктілік және дағдыларҚалыптасатын құзыреттер коды
АП 01Байланыс желілері және коммутация жүйелері
- пәні телефон аппаратының құрылысы, телекоммуникациялық желінің негізін құру және цифрлық коммутациялық жүйесін сәйкес желіге енгізу. Сонымен қатар телетрафика теория негіздері беріледі.
Білімдер:
- телефон трактісін құруды;
- әртүрлі жүйелі телефон аппараттарының құрылымдық және принципиалдық схемаларын;
Іскерліктер:
- телефон аппараттарының принципиалдық схемаларын оқуды;
- әртүрлі аудандастыру әдістерінде қалалық телефон желісінің құрылымдық схемаларын құрастыруды
БҚ1
БҚ2
БҚ3
БҚ4
БҚ5
БҚ6
КҚ3.9.1
КҚ3.9.2
КҚ3.9.3
АП 02Сандық және талшықты - оптикалық беру жүйелері
Алыс қашықтықтарға байланысты ұйымдастыру; каналдарды жиілікпен және уақытпен бөлінетін беру жүйесін құру принципі; дискретті және сандық сигналдарды қалыптастыру; Сандық,аналогты және талшықты-оптикалық беру жүйелерінің негізгі бөліктері;
Топтық сигналды қалыптастыру;
Канал құрушы қондырғыларды құру; Сандық және оптикалық линия трактісінің ерекшеліктері;
Бөгеулерді жою әдістері;
Линиялық трактідегі бұрмалануларды әлсірету әдістері.
Білімдер:
- үлкен арақашықтыққа сигналдарды беру шарты;
- жиілік және уақыт арқылы каналдарды бөлу беру жүйелерінің құрылу схемалары;
Іскерліктер:
- функционалды схемаларды қолдану;
- линиялық сигналдың дискретизация жиілігін және есептеуді орындау;
БҚ1
БҚ2
БҚ3
БҚ4
БҚ5
БҚ6
КҚ3.9.1
КҚ3.9.2
КҚ3.9.3
КҚ3.9.4
АП 03Байланыс желісінің қондырғылары
- пәні бойынша байланыс кабельдерінің құрылысын, қалааралық,қалалық және ауылдық телефон желілерінде қолданылатын кабельдер және олардың төселу әдістері мен монтаж жұмыстарын жүргізу туралы оқып үйренуді қарастырады.
Білімдер:
- қалалық, аймақтық және магистралды желілерде қолданылатын кабельдердің құрылысы; талшықты-оптикалық кабельдердің құрылысының ерекшеліктері;
Іскерліктер:
- әртүрдегі кабельдердің құрылысындағы айырмашылықтарын анықтау;
- төменгі жиіліктегі кабельдердің ақаулықтарын анықтау;
БҚ1
БҚ2
БҚ3
БҚ4
БҚ5
БҚ6
КҚ3.9.1
КҚ3.9.2
КҚ3.9.3
КҚ3.9.4
АП 04Мәліметтерді беру желілері
- пәні электрбайланыс желісіндегі коммутациялау әдістерін, сымсыз байланыс желісінің технологиясын, мәліметтерді беру желісінің стандарттары мен хаттамаларын, жергілікті және ауқымды компьютерлік желі құрылымын, оларды қателіктен қорғау жолдарын оқытуды қарастырады.
Білімдер:
- жалпы қолданыстағы телеграф желісі;
- телекс желісі;
- қазіргі кездегі модемдердегі сигналдың және модуляцияның түрлері;
- кері байланыс жүйесі;
- қазіргі кездегі модемдердің протоколдары;
- компьютерлік желілердің құрылуы принциптері;
Іскерліктер:
- қателеіктерді анықтау және түзеу үшін циклдік кодтарды қолдану;
- фазаларды салыстыру әдістерін қолдану;
- таңбасын салыстыру әдістерін қолдану;
БҚ1
БҚ2
БҚ3
БҚ4
БҚ5
БҚ6
КҚ3.9.1
КҚ3.9.2
КҚ3.9.3
КҚ3.9.4
КҚ3.9.7
АП 05Сандық коммутация жүйелері
- пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы сандық коммутация өрістерін құруды, электрондық АТС-тердегі қиылысуларды, қалааралық, қалалық және ауылдық телефон желісінде қолданылатын сандық АТС түрлерін, сандық АТС-тің басқару қондырғыларының жұмыс алгоритмін, сигналдау және синхрондау негіздерін оқытуды қарастырады.
Білімдер:
- электронды АТС-гі аналогты және сандық абоненттік стыктарының қызметі
- концентраттардың қызметі
- әртүрлі жүйеледегі электронды АТС коммутациялық өрістерінің құрылуы;
Іскерліктер:
- әртүрлі электронды АТС құрылымдық схемаларын оқу;
– электронды жүйелерге қызмет көрсету;
- программалау дағдаларына ие болу;
БҚ1
БҚ2
БҚ3
БҚ4
БҚ5
БҚ6
КҚ3.9.1
КҚ3.9.2
КҚ3.9.3
КҚ3.9.4
КҚ3.9.5
КҚ3.9.6
АП 06Электрбайланысын басқару кешендері
- пәні – ЭУС жалпы құрылымын, микроэлектронды басқару жүйелерін, микропроцессорлық жүйелерді ұйымдастыруды, негізгі жады құрамын, еске сақтау құрылғысының жұмыс принципін. АХЕ -10, DX-200, S-12, DRX-4, 5 ESS, SI 2000 станцияларының басқару жүйелерінің құрамы, оларды бағдарламамен қамтамасыз ету, интеллектуалды желінің дамуы, интеллектуалды желідегі жаңа қызмет түрлерін қарастырады.
Білімдер:
- Коммутация түйіндерінің электронды басқару жүйелерінің жалпы принциптерін;
- есте сақтау қондырғысының құрылымы, негізгі жадысын ұйымдастыру;
- электронды басқару жүйелерінің программалық қамтамасыз ету құрылысы;
Іскерліктер:
- әртүрлі жүйелердің жұмыс алгоритмін құру;
- әртүрлі коммутациялық жүйелердегі басқару кешендерінің функционалды схемаларын оқу;
БҚ1
БҚ2
БҚ3
БҚ4
БҚ5
БҚ6
КҚ3.9.1
КҚ3.9.2
КҚ3.9.3
КҚ3.9.4
КҚ3.9.5
КҚ3.9.6
АП 07Сандық байланыс желілері
- пәні – сандық желіні құру, сандық желіні синхрондау принциптерін, сандық транспорттық желінің негізгі және желілік технологияларын, сандық желіні басқару принциптерін оқытуды қарастырады.
Білімдер:
- интегралды қызмет көрсету желісіндегі негізгі сипаттамалар;
- кең жолақты интегралды қызмет көрсету желісіндегі коммутациялық әдістер;
Іскерліктер:
Аналогты телефон аппаратын көп қызметті қиылысу S эталонды нүктесіне қосылу схемасын өңдеу- нүкте-нүкте, көп нүктелі, кең тарату конфигура-цияларын өңдеу;
БҚ1
БҚ2
БҚ3
БҚ4
БҚ5
БҚ6
КҚ3.9.1
КҚ3.9.2
КҚ3.9.3
КҚ3.9.4
КҚ3.9.5
КҚ3.9.6

Ескерту

Кесте 1. Базалық құзыреттер

Құзыреттер кодыБазалық құзыреттер
БҚ 1
БҚ 2
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 5
БҚ 6
БҚ 7
Жұмыс орнын ұйымдастыру
Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;
Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау;
Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату;
Технологиялық процестерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау;
Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жүзеге асыру;
Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;

Кесте 2. Кәсіптік құзыреттер

БіліктілікКәсіптік құзыреттер (КҚ)
130609 3 - Байланыс технигіКҚ 3.9.1 Әр түрлі жүйелердегі телефондық аппараттарды жөндеу жұмысын орындау;
КҚ 3.9.2 Абоненттік ақаулықтарды жою
КҚ 3.9.3 Жүйелердің жұмысының сапалылығын тексеру жұмыстарын жүргізу;
КҚ 3.9.4 Абоненттік желілердің электрлік параметрлерін тексеруін орындау;
КҚ 3.9.5 Сигнализация жабдықтауларымен жұмыс істеу;
КҚ 3.9.6 Электрондық АТС-тің сыртқы құрылғыларымен жұмыс істеу;
КҚ 3.9.7 Автоматық телефондық станциялар қалалық және ауылдық телефондық желілерімен. өндірістік жұмыс бойынша қызмет жасау
КҚ 3.9.8 Монтаж жұмыстарын жүргізу;
КҚ 3.9.9 Сыйымдылыққа байланысты желілерді құру тәсілдерін және нөмерлеуді таңдау.