WorldSkills

\

          Бүгінгі күні қоғам қажеттілігі  Қоғамның және экономиканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру және мамандарды даярлау,  әрі ол мамандарымыз бәсекеге қабілетті, қазіргі өндіріске бейімделе алатын тұлға болу мақсатында  құзыреттілік бойынша  жан-жақты дайындыққа қажетті заманауи құрылғылар мен жабдықтар алынды. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру және дәріптеу  мақсатында «WorldSkills Kazakhstan»  аймақтық чемпионатын  өткізуде   Политехникалық  колледжі – 5 құзыреттілік бойынша  базалық колледж ретінде  бекітілді.

«WorldSkills Shymkent-2020»  ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңіне 10 құзыреттілік бойынша 21 үміткер қатысты. Атап айтқанда, қатысушылар графикалық дизайн, веб-дизайн және әзірлеу, өндірістік автоматика, бизнес үшін IT шешімдер, ұялы робототехника, желілік және әкімшілік басқару,  электромонтаж ісі, ақпараттық кабельдік желілер және тағы басқа салалар бойынша сайысқа түсті. Жарыстың нәтижесі бойынша  5 құзыреттілік бойынша 5 білім алушылар 1-ші жүлделі орындарға, 5 білім алушы 2-ші  орындарға, 5 білім алушылар 3-ші жүлделі орындарға ие болды. Барлық жүлделі орындар сертификаттармен марапатталды.

«WorldSkills Shymkent-2021»  ұлттық чемпионатының Республикалық кезеңіне үміткерлердің ішінен үздік болып, 5 құзыреттілік бойынша 5 үміткер қатысты. Оның ішінде 2 үміткер Нұр-сұлтан қаласына, 2 үміткер Алматы қаласына және 1 үміткер Атырау қаласына сайысқа қатысуға барды.

VI Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша сайысқа қатысып, Ульжебаев Сакен жүлделі II орын, бизнес үшін IT шешімдер бойынша сайысқа қатысқан Шепелев Константин медальон алды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұханның марапттау рәсімі.

Колледж директоры А.Искаков, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.Арынбаев, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Тұраров, бөлім меңгеруші, жетекшісі Ж.Матиев, «WorldSkills Kazakhstan» VI Республикалық ұлттық чемпионатының ІІ орын иегері Сәкен Ульжебаев.


Веб технология құзыреттілігі бойынша 
  Дарханов Абылайдың жұмыс жасау процесі.                               Бизнес үшін IT шешімдер құзыреттілігі бойынша 
Шепелев Константин медальон алды.     

    

Шымкент қаласы білім басқармасы “Политехникалық колледжі” МКҚК, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығының 39 тармағына сәйкес, І-курс студенттері 2020-2021 оқу жылының ІІ-семестірін аралас оқу форматы бойынша білім алуды бастады. Оқыту барысында санитарлық эпидемиологиялық талаптар қатаң түрде сақталынып білім беру үрдісі жүзеге асырылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *