Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледжінде өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» арналған мерекелік іс-шара. Колледж ұстаздарын мерекемен құттықтап алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара барысында колледж директорының оқу-өндірісітік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Оразалы және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Э.Садыкова құттықтау сөзін сөйлеп колледжден Желтоқсан оқиғасына қатысқан әлеуметтік гуманитарлық кафедрасының оқытушысы Маханова Зауре және ағылшын тілінің маманы Ермекова Раушан Сматуллаевнаға алғыс хаттар және гүл шоқтарын табыстады. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *