«Алтын ұям» слеті өтті

2018 жылы 3 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «АЛТЫН ҰЯМ»  атты колледжді бұрынғы жылдары бітірген түлектердің слеті өтті.  

Аталмыш іс-шараға колледж оқушылары мен оқытушылары, арнайы шақырылған ардагер-ұстаздары қатысты. Басқосуға 1992 жылдан бастап 2017 жылдар аралығындағы 150-ден астам колледж түлектері қатысты. Олар өз ісінің кәсіби мамандары – талантты инженерлер мен ІТ-технологтар, директорлар мен басқару орындарында жауапты қызметтегі мамандары және компаниялардың менеджерлері.

Кездесу барысында түлектер өз оқу орындары жайлы ой қозғап, еңбекке араласуға барынша жағдай жасалғаны  туралы әңгімелеп берді. Түлектер колледжде өткен қызықты кездерін еске алып, пән мұғалімдерімен кездесіп,  қуаныштарымен бөлісті.  Сонымен қатар, колледж мақтаныштары колледжде төрт жыл бойы ілім мен білім жолына бар ғұмырын арнап, адамгершілік пен ізгілік дәнін ұрпақ санасына сепкен оқытушыларына ризашылықтарын білдірді. Қатысқан оқытушылар да әңгімеге қызығушылық танытты, оз кезегінде бітірушілер жайында   көптеген ақпараттарды, табыстары мен жетістіктерін білді. Түлектердің қызықты әңгімелерінен соң, студенттер түлектерімізге көптеген сауалдарын қойып, жауаптар алды. Келген түлектер оқып жатқан студенттерді сапалы кәсіби білім алуға шақырып, белсенді түрде сабақтан тыс іс – шараларға қатысу керектігін, спортпен шұғылдану, қоғамдық және зерттеу жұмыстары жөнінде де сөз қозғады.

Түлектердің колледж оқытушыларына білдірген алғыстары мен жылы лебіздерінен соң колледж директоры экономика ғылымдарының кандидаты А.Т.Ысқақов білімнің артықшылықтарына тоқталып, білім алудың пайдасы, ел ертеңі мен болашағының жарқын болуы білімді жастардың қолында екенін айтып, түлектердің қадамына сәттілік тіледі. Колледждің құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз А.А.Аманбаев сөз алып, колледж түлектері үлкен жетістіктерге жете отырып, дамудың ұлттық стратегиясын жүзеге асыратын лауазымды жұмыс берушілер екенін еске салды. Сондай-ақ, осындай кездесулерді Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Колледж есігі әрқашан айқара ашық «Политех» түлектері үшін арнайы мерекелік бағдарлама әзірленген. Іс-шараға әрбір кафедрадан арнайы дайындалған кездесулер, «дөнгелек үстелдер» өткізіліп, арнайы сұхбаттар алынды. Бітірушілеріне колледж мамандықтары туралы толық ақпараттар беріліп, колледждің өмірі мен жетістіктері туралы  бейнеролик көрсетілді. Экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жарнамалық материалдар таратылып, түлектер сауалнама сұрақтарына жауап берді.

Колледж шынымен де өз түлектерімен мақтанады және іс-шараға қатысқандары үшін алғыс айта отырып, оларға әлі де талай биік белестерді бағындыруларына, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдіреді.

Жетістіктерге жол ашатын, біздің Тәуелсіз Отанымыздың өркендеуіне үлес қосатын жасампаз студенттеріміздің қатары көбейе берсін!

4 thoughts on “«Алтын ұям» слеті өтті”

  1. Хочу выразить благодарность за организацию и проведение встречи выпускников прошлых лет. Спасибо за знания! Вы помогаете подрастающему поколению расти, учиться и становиться профессиональными специалистами.

  2. Желаю успехов, процветания и стремления к дальнейшему успешному развитию! От всей души говорю СПАСИБО всему преподавательскому составу и сотрудникам колледжа!

  3. Все усилия положены на воспитание личности, во всем учитывались интересы студентов. Люблю тебя, мой дорогой колледж!

  4. Жарайсыздар! Бас қосу кеші керемет өтті, колледж жақсы жаққа өзгеріпті! Ұлағатты ұстаздарымыз бен бірге оқыған достарымызды көріп, бір марқайып қалдық! Мен осы колледжде оқығаныма, және осы колледждің түлегі болғаныма қатты қуааныштымын! Айта кететін болсам,Химия технология бөліміндегі автоматтандыру және басқару мамандығында оқығаныма өте шексіз ризамын! Себебі өз мамандығыңды жақсы меңгеріп, біліммен сусындап шығасың! Әр мұғалім өз саласының, өз пәнінің нағыз маманы. Қазіргі таңда мен өз мамандығым бойынша жұмыс жасап жатырмын, ары қарай дәрежемді көтеру үшін ғана жоғары оқу орнында оқып жатырмын, ал білімі мен жұмыстың қыр сырын осы колледжде ғана уйренип шықтым. Рахмет сіздерге көп-көп! Осындай іс-шара жыл сайын өз жалғасын тапса екен дегім келеді!

Leave a Reply to Даурен Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *