Жарқын болашағымыздың тұғыры – рухани жаңғыру

2017 жылы 26 қыркүйек күні колледжімізде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында «Жарқын болашағымыздың тұғыры – Рухани жаңғыру» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
• Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру.
• «Өлкетану» базалық жобасы бойынша жастарға өзінің туған жерінің құндылықтарын насихаттап дәріптеу арқылы отансүйгіштікке, өз еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту.
• «Отаным – тағдырым» базалық жобасы бойынша жастардың рухани адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын дамыту.
• «Саналы азамат» базалық жобасы бойынша жастардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес іс-әрекет аясын таңдау еркіндігі жайында олардың өзін-өзі айқындауын қалыптастыру.
Арнайы пәндер кафедраларының үйірме жұмыстары: колледж жас техниктерінің көрмесі өтті.
Қонақта «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша аймақтық жобалық кеңсесінің әкімшісі, ОҚО Білім басқармасының бас маманы – Жүніс Лаура Ақжигитқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. – Медетбекова Меруерт Аскарбекқызы қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *