“Үздік ұстаз – 2017” байқауы

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің 2017-2018 оқу жылына арналған даму жоспары бойынша 2017 жылдың 22 қарашасымен 25 желтоқсан аралығында оқытушыларды ынталандыруға бағытталған «Үздік ұстаз – 2017»  байқауы өтті.

Байқауға колледждің 10 кафедрасының үміткерлері әдістемелік кабинетке өз өтінімдерін өткізді.

Байқауға қатысушы оқытушылардың оқу жоспарлары, бағдарламаға сәйкес тақырыбына ашық сабақ, шығармашылық эссе (бейнекөрініс), оқытушы портфолиосы, әдістемелік оқу кешені, БАҚ беттерінде жарияланған жұмыстары және т.б. жұмыс материалдары талқыланып, сарапшы тобы құрамы өз анализ және мониторингін берді.

Сарапшы тобы құрамының шешімі бойынша «Үздік ұстаз – 2017» байқауының ІІ орын иегерлері – Танашева Гаухар Саковна және Тасбулатова Алия Алтаевнаға 125 000 теңге, ІІІ орын иегері – Досжанова Молдир Сырбаевнаға 75 000 теңгенің сертификаты табысталып және де байқауға қатысып, белсенділік танытқаны үшін: А.Журхаеваға, А.Полатоваға, А.Аширбаеваға, Ш.Тайшеваға, А.Нысамбековаға және Г.Бейімбетке 10 000 теңгенің сертификаттары табысталды.

Жеңістеріңіз құтты болсын құрметті оқытушылар!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *