І дәрежелі ДИПЛОМ құтты болсын!

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 11 желтоқсан күні өткен «Қазақстанның 3.0 жаңғыруы: бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды жаңғырту» тақырыбында өндірістік шеберлер мен студенттердің облыстық аймақтық чемпионатында «Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері (арнайы пән оқытушысы) Толыбаев Генжебай Жангабаевич ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Облыстық аймақтық чемпионатында «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің өндірістік шебері (арнайы пән оқытушысы) Тасбулатова Алия Алтаевна ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

«Электромонтаж ісі» құзіреттілігі бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылған Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің үздік студенті Мырзалы Еркебұлан және «Бағдарламашы» құзіреттілігі бойынша Қалтаев Нұрсұлтан ОҚО Білім басқармасының І дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Сонымен қатар, «Кәсіп иесі» атты инновациялық жобалардың арнайы көрмесіндегі үздік шығармашылық жобасы үшін Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі ОҚО Білім басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен  марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *