Педагогикалық ұжым

2017 жылдың 14-15 қарашасында «ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптарына сәйкес Сапа менеджменті жүйелері» тақырыбындағы семинар

Сапа менеджментінің жүйесі – әлем мойындаған және кез келген ұйымды басқару, құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттандыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніміз – өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.
Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше – Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп ол өз кезегінде жаңа үдерістерді құжаттардың үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.
Сапа менеджменті жүйесін ендіру ерекшеліктері мен мақсаттары:
  • Қызығушы жақтардың қажеттіліктерін есепке ала отырып ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;
  • Кез келген жағдайда өнімнің сапалы шығуына ұмтылыс жасау;
  • Өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;
  • Алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің деңгейін қадағалау;
  • Өнім шығаруда ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін үнемі жұмысшы қалыпта ұстау.
Өнімнің сапасы мен олардың қауіпсіздігі тікелей адам өмірі мен денсаулығына әсер етеді. Соңғы жылдары өнім түрлері аса маңызды көбейді және олардың сапасы да жоғарылады. Сапаның ассортименті мен олардың сапасы сұранысқа жауап беретін болуы керек және бағасы қол жететіндей болуы қажет. Өнім сапасының деңгейін – еңбек құралының, материалының және дайындау технологиясының сапасына қойылатын талаптар арқылы анықталады. Сапаның деңгейінің жоғары болуы тек сұранысты ғана қанағаттандырып қоймай, кәсіпорынның әрі қарай жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сапа – товардың бәсекеге шыдамдылығын қамтамасыз етеді (конкурентоспособность). Олар өнімнің техникалық деңгейінен және функционалдық, эстетикалық, эргономикалық, экологиялық құрамы бойынша сипатталатын тұтынушы үшін товардың қажеттілігі бойынша анықталады. Сапаның жоғарлығы сұраныс пен пайданы көбейтеді.
Бүгінгі күні ИСО-ның 9000 сериялы стандарттарын әлемнің барлық елдері танып отыр, ұлттық стандарттар есебін қабылдап отыр және көптеген фирмалар іске енгізіп отыр. Сапа жүйесінде сертификаттаудың жоқтығы, сыртқы нарық кеңістігіне шығуға басты кедергі болып отыр. ИСО 9000 стандарттарында фирманың қызметіндегі нақты жағдайға байланысты (сәйкес) стандарттарды таңдау және пайдалану туралы басшылық нұсқаулар келтірген.
ИСО 9004 стандарты – кәсіпорында сапаға сәйкес жалпы басшылық жасау үшін әдістемелік нұсқаулар. ИСО 9001-9003 стандарттары – өндірістік процестің әр түрлі стадияларында сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің модельдері.
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледж қызметкерлері 2017 жылдың 14-15 қараша күндері Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігі «Техникалық реттеу және метрология» комитеті «Эксперт» оқу орталығы жауапкершілігі ше ктеулі серіктестігінің оқу семинарынан өтті.
Семинар 14 қараша күні «ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптарына сәйкес Сапа менеджменті жүйелері» тақырыбында болды.
15 қараша күні колледж қызметкерлері «ГОСТ ISO 19011-2013 талаптарына сәйкес Ішкі аудит» тақырыбы бойынша оқу семинарын жалғастырды.
Семинар соңында әр қатысушыға сертификат тапсырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *