«Жастар және ғылым»

Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинеті МКҚН-ның жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылы 27 қазанда «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің ғылыми-практикалық конференциясы Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде өткізілді.

Конференцияның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің ғылыми ойларын дамыту және қолдау көрсету, түрлі салалар іс-әрекетінде пікір алмасу, шығармашылық бастамалары мен ғылыми-әдістемелік қызметін насихаттау.

Колледжімізден «Радиоэлектроника және байланыс» кафедрасының арнайы пән оқытушысы Сыздыкова Дина-араб Алайдаровнаның жетекшілігімен ІІ курс, 562 тобының студенті Силантьев Богдан «Польза и вред мобильного телефона» тақырыбында баяндамасын оқып, ОҚО Білім басқармасының «ОҚО Әдістемелік кабинетінің» директоры Р.Себепованың Алғыс хатымен  марапатталды.

Сонымен қатар, «Жастар және ғылым»  тақырыбындағы студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының материалдары жинағында баяндамалары жарық көріп, ғылыми жетекшісі Д.Сыздыкова  ОҚО Білім басқармасының «ОҚО Әдістемелік кабинетінің» директоры Р.Себепованың Сертификатымен  марапатталды.

Модератор ретінде колледж әдіскері Д.А.Балабекова қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *