Қазақ тілін оқуға арналған порталдар

«Abai.institute» – 2020жылғы 18қарашада Нұр-Сұлтан қаласында тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеберінде әзірленген «Abai.institute» веб-порталы таныстырылды.Бұл-еліміздің азаматтарына,шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба.Сондай-ақ, «Abai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді.Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.

     «Tilqural.kz» – қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге A1, A2, B1, B2, C1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар.

       Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі).

         Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға, еркін оқуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізуге, сөздерді дұрыс дыбыстауға, сөйлемдерді сауатты құрастыруға мүмкіндік береді. Қызметті Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге болады.

 «Tilmedia.kz» – қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис.Сайтта қазақ тілін білмейтің ересектерге А1,А2,В1,В2,С1 деңгейлерінде тіл үйрегнуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар. Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін аңықтау үшін тестілеуден өтеді.Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады(5 деңгейдің бірі). Сайт сөздік қорын толтыруға,жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға,еркін оқуға,өз ойын ауызша да,жазбашада жеткізуге,сөздерді дұрыс дыбыстауға, сөйлемдерді сауатты құрастыруға мүмкіндік береді.

Қызметті Android ,IOS платформалары арқылы жүктеуге болады .

«Balatili.kz» сайты қазақ тілін оқып, дамтқысы келетін 3 жастан асқанбалаларға, сонымен қатар бала тәрбиесімен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді. Сайтта баланың өзіндік жұмысына арналған жұмыс парақтары, ұстаздар мен тәрбиешілерге, ата –аналарға әдістеме парақтары ұсынылған.

Грамматика мен орфографияны үйренуге арналған материалдар, соның ішінде интерактивті әліппи мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудио диктанттар, колиграфиялық дағдыларды дамытуға арналған тапсырмалар, қосымшалар қарастырылған. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқуға арналған көркем мәтіндер, соның ішінде қызықты әңгемелер, тақырыптық өлеңдер, интерактивке негізделіп жасалған жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер топтастырылған.

Тілдік сауаттылықты арттылуға бағытталған сайттар

«Emle.kz» сайтты қазақша дұрыс жазу, жұртшылықтың тіл мәдениетің көтеру мақсатында құрылды. Деректер базасында қазақ тілінің өзекті орфография ережелері, осы салаға қатысты ғылыми әдебиеттер бар. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. «Пунктуация» блогында  тыныс белгілердің қойылуы ретіңде байланысты ережелер енгізілсе, «Аббревиатура» блогында қысқартылған сөздер, олардың толық атаулары, қысқарылу реті, атаулармен сөздерді қысқарту барысында басшылыққа алынатын қағидалар мен сүйенетің зандылықтар келтіріледі. «Мақалалар» блогында осы саладағы ғалымдардың ғылыми мақалалары келтірілген.Оқырман автормен байланысып, мақаланың астына пікір қалдырып,сұрағына жауап ала алады.

 «Termincom.kz»сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жаныңдағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу, қазіргі заманғы ғылым,білім,техника және экономика, қоғамдық әлеуметтік бағыттар бойынша салааралық терминологиялық қорды бір іздендіру және жетілдіру мақсатында құрылды.

 Бұл  терминологиялық лексиканы бір іздендіруге, терминологиялық қорды толықтыруға терминдер мен атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеуге, терминологиялық атауларды пайдалану тиімділігін арттыру үшін қалың жұртшылыққа арналған ақпараттық құралдың бір түрі.

«Termincom.kz» электрондық сайты «Бекітілген терминдер», «Терминдер хронологиясы», «Қолданыстағы салалық терминдер», «Ойталқы», «Құқықтық-нормативтік база», «Ғылыми әдістемелік негіздері» және «Іздеу» блоктарынан тұрады. «Бекітілген терминдер» блогында Республикалық терминологиялық комиссиясында мақұлданған терминдер орналастырылса, «Терминдер хронологиясында» терминдердің бекітілу мерзімдері және олардың сөздік ретінде жарық көруінен мәліметтер беріледі. «Қолданыстағы салалық терминдер» блогында Республикалық терминология комиссиясының мақұлдауымен жарық көрген терминология сөздіктер салынды.

«Sozdikqor.kz» – Әртүрлі салалық сөздіктермен энциклопедиялардағы сөздермен және тұрақты сөз тіркестерімен ескірген қазақ сөздерімен, кірме сөздермен ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасымен танысуға мүмкіндік беретін алғашқы әмбебап платформа. Порталға 60-қа жуық түрлі салалық сөздіктермен энциклопедиялар енгізілген, атап айтқанда, 15 томдық Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Абай сөздігі, Ахмет Байтұрсынов энциклопедиясы, қазақ тілінің синонимдер сөздігі, қазақ тілінің фразиологиялық сөздігі және тағы басқалары. Порталдың іздеу жүйесі арқылы сөздердің анықтамасын, синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін, сөздердің фразиологиялық тіркестерде кездесу жиілігін білуге болады. 2021 жылы «синонимайзер» функциясы қосылды, тестілеу кезеңі өткізілуде. Кілт сөздерді дыбыстандыру функцисы бар.

 «Qazcorpora.kz» – қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусы – «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларының бірі.