Репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша оқушыларға арналған тренинг

18 сәуір  күні Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде  репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша колледжіміздің педагог-психологы Айым Олжабай тренинг өтті. Бұл тренингке колледжіміздің «Химия-технологиялық»  бөлімінің студенттері өте белсенді  қатысты. Репродуктивті денсаулықты қорғау, отбасын жоспарлауға көмек, ерлі-зайыптыларға немесе болашақ ата-аналарға маңызды болатын түрлі ақпарат беру, осылардың барлығы —  іргелі адам құқықтарының  санатына жатады. Әр адам өз отбасын  жоспарлау үшін мамандардың көмегіне жүгінуге және ғылыми прогресті қолдануға құқылы. Осындай тренингке қатысушы студенттер  мамандар көмегімен түрлі отбасылық өмір мәселелері бойынша әртүрлі сұрақтар  қойылып,  одан әрі кеңеспен бірге жаңа ақпарат алды.