Басты бет

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 наурыздағы “Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейтуге туралы” №108 бұйрығының негізінде Шымкент қаласының білім басқармасының 2020 жылғы 16 наурыздағы №143 бұйрығының негізінде білім алушылардың, педагогтардың, білім беру ұйымдарының, басқада қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 16 наурыздан 5 сәуір аралығында колледжде оқу процесі қашықтықтан білім беру технологиясы түріне көшірілді.

Қашықтықтан оқуға арналған оқытушының нұсқаулығы: https://bit.ly/2Qn8xhr
Қашықтықтан оқуға арналған студенттің нұсқаулығы: https://bit.ly/2x3DQHc

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОКУШЫЛАР!

          Үйде және көшеде қиындықтарға тап болған колледж оқушыларына және олардың ата-аналарына комектесуге арналған тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «Bala Qorgau» – «balaqorgau» веб-сайты жобасы іске қосылды. Сайтта проблемалық жағдайларды шешу бойынша кеңестер беріледі.Нысанды толтыру арқылы балалар қажет болған жағдайда олармен байланысатын мамандардан жеке кеңес алуға өтініш бере алады.Жобамен толығырақ  https://bala.gov.kz сайтта танысуға болады.