Психологиялық қызмет

Психологиялық  қызмет

Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, педагог-социолог, колледж инспекторы және оқу топтарының жетекшілері кіреді.

Колледждегі психологиялық қызметтің міндеті:

— Инновациялық белсенді жұмыс әдістері мен нысандарын енгізу;

— Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;

— Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен, өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;

— Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту;

— Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;

— Білім алушылар, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын үгіттеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

Негізгі жұмыс бағыттары:

— Психодиагностикалық бағыт;

— Психопрофилактикалық бағыт;

— Психокоррекциялық бағыт;

— Кеңес беру;

— Психологиялық білімді көтеру.

 Психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері:

 — Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;

— Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;

— Бейімделу кезеңін бақылау;

— Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын алу;

— Жас мамандарға көмек;

— Ата-аналармен жұмыс;